Қазақстан • 10 Мамыр, 2017

Өмір сүру үшін өзгере де білу керек

434 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұ­дан бірнеше жыл бұрын алғаш ре­ті исі қазақ жұрты үшін киелі ме­кен – Ұлытаудың бау­рай­ын­дағы Әулиелі бақтың төрінде оты­рып, халқымен алғаш рет осын­дай форматта ақжарма кө­ңіл­мен ақтарыла сыр бөлісіп еді.

Өмір сүру үшін өзгере де білу керек

Бұл жолы Мемлекет басшы­сы сырласудың пішінін жан те­бі­рентерлік мақала түрінде дү­ние­ге келтірді. Республикалық «Еге­мен Қазақстан» газетінде жа­рия­ланғ­ан «Болашаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» атты бұл еңбектің ма­­ңыздылығы сонда, ол біздің ал­­дағы уақыттардағы рухани бай­­лығымызды сақтай отырып, ұлт­­тық құндылықтарымызды жаң­­ғырту жөніндегі ой-тол­ға­ныст­арға толы болды. Осы жаң­ғы­­ру арқылы елдік мақсат пен мем­­лекет құрылымын, қазақ елі­­нің тарихи мұраларын алдағы алыс болашаққа жеткізудің жайы ке­ңі­нен қамтылды.  
Президент мақаласы қоғамды дүр сілкіндірген орасан зор маңы­зы бар оқиғалардың бірі болды. Соның ішінде бізге ұлттың өзінің ұлт­тық кодын, генетикалық жадысын сақтап қалу турасында ай­тыл­ған тұжырымдар қатты ұна­ды. Себебі, өзінің болмысынан, құ­нарлы топырағы мен тамырынан ажыраған халықтың келешегі де күмәнді, ертеңінен ересен еңсе күту қиын. 
Елбасының бұл еңбегін жай мақа­ла деңгейінде бағалап қоя салуға тағы болмайды. Ол маз­мұ­ны мен пішіні, мәні мен ма­ңы­зы жағынан бұдан әлде­қай­да ау­қымды. Сондықтан өз басым ру­хани жаңғыру бағытында ал­да атқарылатын іс-шаралар тал­­данып көрсетілген құжат дең­­гейіндегі бұл мақаланы ұлт ру­­ханиятының кең көлем­ді бағ­дар­­ламасы ретінде, қабыл­да­дым. Ол шынында да біздің XXI ға­сыр­дың белестерінен өтіп, би­і­гіне шығу жолындағы ба­ғыт-бағ­да­рымызды көрсететін өзін­дік бір манифест сияқты. Д­е­мек, ұл­ты­мыздың жандану сипа­тын­да­ғы жаңғыруын, жаңа заман та­лап­тарына сай даму даңғылына тү­суін қалайтын еліміздің әрбір озық ойлы, саналы азаматы ұлт руханиятын жаңғыртуға өз үлес­терін қосуды қазірден бастап кетулері керек.
Жаңа құжаттың салмағы мен сал­дары экономикалық, саяси жаң­ғырудан ешбір кем түспейді. Тіп­ті, маңызы жағынан солардан кейбір аспектілері бойынша жо­ғары тұрады. Сондықтан да ол ұлт­т­ың жаңғыруы ретінде қа­был­да­нып отыр.
Еліміздің әлемдегі бәсеке­лес­тік дүрмегіне қосыла отырып, жа­һандағы дамыған 30 елдің қа­та­рынан табылу мақсатындағы ұм­ты­лысы да осы рухани байлықты арт­тырумен қатарласа жүріп оты­ратын болуы керек. Осы ке­зең­де оны күшейте түскен ләзім. Өй­ткені, бәсекеге қабілетті болу тек қана экономикаға байланыс­ты мәселе емес. Біз құрған қа­зақ мемлекетінің, яғни біздің мың­да­ған жылғы тарихымыздағы құн­дылықтардың барлығы бойы­мыз­да болғаны жөн.
Елбасы өзінің мақаласында: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық кар­тасында ешкімге ұқсамайтын, дер­бес орны бар ұлт боламыз де­сек, «Жаһандағы заманауи қазақ­стандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді «қара алтынмен» немесе сыр­тқы саясаттағы ірі бас­та­ма­ла­рымызбен ғана емес, мәдени же­тіс­тіктерімізбен де тануы керек» деп, тайға таңба басқандай етіп атап көрсетті. Расында да, біз­дің дамуымыздың діңгегі ру­­­хани байлықтардан басталады. Оны халқымыздың бойында ғасырлар бойы қалыптасқан мә­­дени, тарихи құндылықтары кө­­теріп тұрады. Жаһандану ­дәу­і­­рін­де осылайша өзінің болмыс-бітімін сақтап қалған ұлт қа­на уақыт толқынымен бірге жұ­тылып кетпейді. Президент ма­қа­­ласының соңғы жағында бұл мә­се­леге салмақ сала келіп, өмір сү­ре білу үшін өзгере білу ке­рек екені, өзгере білмеген ха­лық­тар­дың тарихтың шаң-тозаңында қа­лып қоятыны айтылған. Олай бол­са, рухани жаңғыру бүгінгі за­ман талабы. Өркениет көшіне іле­се алмай, қалып қоймау үшін де бұл бізге керек. 

Бибігүл НҮСІПЖАНОВА, 
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, профессор

АЛМАТЫ