Фото:elorda.info
«5 шілдеде ШЫҰ саммиті аясында көлік қозғалысы шектелген барлық аудандарда бекітілген қозғалыс үлгілеріне сәйкес маршруттық қозғалыс қалпына келтіріледі», делінген CTS хабарламасында.
Еске сала кетейік, ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты елордада 30-дан астам автобустың бағыты өзгерген еді.
Бұған дейін ШЫҰ саммитінің аяқталуына байланысты еліміздің төрт қаласында лаңкестік қауіптің «сары» деңгейі алынған болатын.