Қазақстан • 10 Мамыр, 2017

СҚО-ның денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Владимир Безлер тағайындалды, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

СҚО-ның денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Владимир Безлер 1976 жылы Көкшетау қаласында туған. «Дәрігер-хирург» мамандығы бойынша Ақмола мемлекеттік медициналық академиясын, «Денсаулық сақтау менеджері» мамандығы бойынша Қоғам денсаулығының жоғары мектебін бітірген.

2003-2011 жылдары нейрохирургиялық бөлімшеде дәрігер-нейрохирург болып жұмыс істеді. Петропавл қаласы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің мас маманы, басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі стратегиялық даму депараменті басқармасының бөлімдерінде екі жыл басшы болды.

2013-2017 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бас сарапшысы, Денсаулық сақтау министрлігінің ішкі әкімшілік департаментінің директоры.

2017 жылдың басынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әкімшілік департамент директорының орынбасары болып қызмет атқарды.