Қазақстан • 10 Мамыр, 2017

Солтүстік Қазақстанда жас спортшылар тамақтан уланып қалды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылжар өңірінде кекушинкай каратэден өткен республикалық ашық чемпионатқа келген жас спортшылардың бір тобы  кешкі астан уланып қалды. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысы Татьяна Горлова мәлімдеді.

Солтүстік Қазақстанда жас спортшылар тамақтан уланып қалды

Оның айтуынша, каратэшілер Петропавл қаласындағы дәмханалардың бірінде кешкі ас ішкеннен кейін өздерін өте жайсыз сезінген. Алғашқыда 9-17 жас аралығындағы 11 спортшы өткір ішек инфекциясын жұқтырды деген күдікпен дереу №3 ауруханаға жатқызылған. Эпидемияға қарсы шаралар жедел ұйымдастырылып, азық-түліктен сынама алынған. Дәмхана қызметкерлері тексеруден өтті. Кейін ауруханаға жеткізілген науқастардың саны 25-ке жетті.

«Балалар бірнеше күн тиісті ем-дом алған соң түгелдей үйлеріне қайтарылды», деді аурухананың бас дәрігері Ержан Әбуғалиев.

Талдаудың нақты  нәтижелері таяу күндері белгілі болады.  

Өмір Есқали

Солтүстік Қазақстан облысы.