Сыйлық құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Ұйымдастырушы - «Қазконтент» АҚ. Сыйлық келесі аталымдар бойынша беріледі:
1) үздік фотосурет;
2) үздік репортаж;
3) үздік талдамалық материал;
4) үздік журналистік зерттеу;
5) үздік сұхбат;
6) Қазақстан туралы үздік танымдық материал;
7) үздік халықаралық талдамалық материал;
8) журналистикадағы дебют;
9) үздік радиобағдарлама;
10) үздік өңірлік радиостанция;
11) үздік өңірлік мерзімді басылым;
12) үздік мамандандырылған мерзімді басылым;
13) үздік жыл журналы;
14) Қазнеттегі медиасерпіліс;
15) үздік республикалық мерзімді басылым.
Байқауға журналистиканы кәсіп еткен, баспасөзде, интернет-сайтта немесе радиоарнада жарияланып немесе еңбек етіп жүрген кез келген маман қатыса алады.
Ұсынылған дүниелерді белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен кәсіби журналистерден құралған қазылар алқасы сарапқа салады.
Лауреаттар естелік мүсінше мен қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады.
Байқауға қатысу туралы өтініштер 7 мамыр - 7 маусым аралығында электронды түрде (қосымшадағы формаға сәйкес толтырылып, қол қойылған скан-нұсқасымен) өзін-өзі ұсыну форматында el.kz интернет-ресурсындағы арнайы бөлімде немесе urker@el.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.