Әлем • 12 Мамыр, 2017

Құран кітап алғаш рет грек тіліне аударылды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекия астанасында алғаш рет грек тіліне ауда­рыл­ған Қасиетті Құран Кә­рім­нің тұ­саукесері өтті. Ау­да­р­ма­ны грекиялық бел­гілі лин­г­ви­ст Гиоргос Про­эс­трос жүзеге асырды, деп ха­ба­р­лады Қазақстанның Гре­киядағы елшілігі.

Құран кітап алғаш рет грек тіліне аударылды

Іс-шараға Грекияның қоғам және саяси қайраткерлері, православие және мұсылман діндерінің өкілдері, Қазақстанның Афина­да­ғы елшілігі мен дипломатиялық кор­пус өкілдері қатысты. 
Тұсаукесер барысында Пә­кіс­­­тан­­ның Грекиядағы ел­ші­сі Х.У.Кайсер «әлемнің бар­лық дін­дері, бірінші кезекте, бей­біт­шілік пен келісімді сақ­тау­ға» ба­ғытталғанын айрықша атап өтті. Өз сөзінде ол «діни көз­қа­растар адамзатты бөлмей, қай­та біріктіруі қажет» екенін атап көр­­сетті. Сонымен қатар, Құран Кәрім­нің грек тіліндегі аудармасы Грекия халқына Ислам дінінің бей­­бітсүйгіштігімен танысуға мүм­­кін­дік беретіні ерекше аталды.
Мәлім болғандай, Грек Рес­публи­касы православиелік мем­лекет, халқының 98 пайызы православие дінін ұстанады. Іс-шара­ға қатысқан грекиялық сая-
саткер­лер мен грек шіркеуінің басшылары бұл маңызды оқиға Батыс пен Шығыс арасындағы мә­дениетаралық және дін­ара­лық үн­қатысуды нығайтып қана қой­­май, өркениеттердің жақын­да­­­­­­­су­ы­­­на жағдай туғызатынын тіл­де­ріне тиек етті. 
Қазақстанның Афинадағы ел­ші­лігі Қасиетті Құранның грек ті­лін­дегі нұсқаларын Қазақстан Рес­публи­касы Дін істері және аза­маттық қоға­м министр­лігіне, Қазақстан мұсыл­ман­дарының діни басқармасы мен Қазақстан хал­қы Ассамблеясына жолдайтын болады.

Суретте: Қазақстанның Грекиядағы елшісі Алексей ВОЛКОВ Құран Кәрімнің грек тіліндегі нұсқасын ұстап тұр