Медицина • 12 Мамыр, 2017

Бресттен Берлинге дейін

158 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мен оны жас әрі әдемі күйінде жадымда сақтаппын. Су шайып сарғайған суреті ғана бар еді. Десе де, тағдыр жолы жайлы тарихын анамыз әңгімелеп берген. Ол маған өмір сыйлаған адам. Жыл­­­дар өте келе жа­у­­­ынгердің қызы бо­­­л­удың құрмет қа­на емес, сәт­тілік те сы­й­лайтынын ұқ­тым. Мұндай ба­­­қыт әркімге бұй­ыра бермейді.

Бресттен Берлинге дейін

Менің әкем Нұр­бай Нұрсұл­тан­ұлы 1921 жылы туған. 1938 жылы Гурьевте Жам­был атын­­да­ғы қазақ ор­та мектебін бі­тір­ген. 1940 жы­лы Орал пе­­да­го­гикалық инс­ти­тутының ІІ ку­р­сын тә­мамдаған соң Ке­ңес ар­миясының қа­тарына шақы­ры­ла­­ды. Со­ғыс басталғанда Брест қа­ма­лы маңындағы 1025-ат­қыш­­тар полкінде кіші командир дә­­режесінде әскери борышын өтеп жүрген еді. Жас жауынгер по­­лк құрамында Брест бекінісін қор­­­ғауға қа­тысады. 1941 жыл­дың 25 жел­тоқ­санынан бастап 1942 жыл­дың 10 ақ­панына дейін КСРО Қор­ғаныс ми­нистрлігінің Ир­ку­тск әс­к­е­ри-ин­же­нерлік учи­ли­­ще­сінде білім алды. 
1942 жылы қараша айының ба­сында кіші лейтенант Нұрбай Нұр­сұлтанов әйгілі ге­нерал В.Чуй­­ков қол­басшылық жасай­тын 62-армияның 1014-атқыштар пол­­кі­­­нің құрамындағы вз­­водымен бірге Ста­линг­радты қорғауға қа­­тысады. Трактор за­у­ыты ау­данын­да­­ғы жан­кешті ұрыс­та оның взводы жау­дың 5 ауыр қа­руын, 6 танкісін, 5 пулеметін жә­не жүз­деген жау­ын­герлері мен офи­церлерінің көзін жой­­ды. Қан майданда өзі де басынан ау­ыр жарақат алып, Саратов қала­сындағы госпитальға жет­кі­зіледі. Кейіннен аталған ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз ор­денімен марапат­талады. 
Осы полктің құрамында лей­­те­на­нт шеніндегі әкеміз өз вз­воды­мен бір­ге 1943 жылдың 6 қара­ша­с­ында Киевті азат ету шай­қа­сы­на қатысты. Қалаға фа­­шис­тер қат­ты қар­сылық та­ныт­­ты. Әсі­ресе, Креща­тик ауда­нын­дағы ұрыс­тар өте ауыр ти­ді. Десе де, бұл майданда взвод жау­­дың 6 пу­лемет орна­лас­қан дотын, 8 танкін, 10 зеңбірегі мен 100-ден ас­там сар­базын жойды. Осы ұрыс­тағы ер­лі­гі мен б­а­тылдығы үшін әкеме Жауынгерлік Қызыл ту ор­дені т­а­бысталды. 
­Бұдан кейін 4-гвардиялық Кан­те­миров танк ди­ви­зия­сы­ның 106-шы же­ке саперлік Тарн­опо­ль­дік ба­та­льонының құрамында Украи­на, Молдавия, Польша, Че­хо­сло­вакия аумағын азат етуге қатысты. Берлинге дейін же­тіп, алапат шайқасты рота ко­ман­­дирі болып, аға лейтенант ше­­ні­мен аяқтады. Берлинді ба­сып алу кезіндегі ерлігі мен ба­тыл­дығы үшін ІІ дәрежелі Отан соғ­ы-
сы ор­денімен марапатталды. 4-гвар­­дия­­­лық танк корпусы Кра­ков, Ка­то­вице, Прага, Дрез­ден, Берлин қа­­­л­ала­рын алған, Шепетовканы да фа­шистердің қан­ды шеңгелінен бо­сат­қан кан­те­ми­ровшілер болатын. Әкем Нұр­бай Нұрсұлтанов осы ұрыс­­тар­дың барлығына қатысты. 
Жоғарғы бас қолбасшы И.Ста­­линнің бұйрығымен 1944 жы­­­лы 11 қаңтарда Шепетовканы, 15 сәу­ірде Тарнопольды, ал 1945 жы­­лы 19 қаңтарда Краков қа­ла­­­сын алғаны үшін аталған шай­қастарға қатысқан Нұрбай Нұр­сұлтановқа алғыс жарияланды. Сондай-ақ, 1945 жылғы 23 сәу­ірд­е Катовице қаласын алуға, Нейссе өзенінде немістердің қор­­­ғанысын бұзуға, 1945 жылы 8 ма­мырда Дрезден қаласын алуға қа­тысқаны үшін де Сталиннің бұй­рығымен жария­лан­ған ал­ғыс­қа ие болды.
Аға лейтенант Нұрбай Нұр­сұл­танов 1945 жылдың соңын­да елге оралып, соғыстан кейін Алматы партия мектебінің екі жылдық курсын бітірді. Гурьев обкомы бю­росының 1946 жылғы 17 қыр­күй­­ектегі шешімімен Мақат ау­дан­дық комитеті әс­кери бөлімінің мең­ге­ру­шісі бо­лып бекіді. 1949 жылдан бас­­тап обкомның үгіт-насихат бө­лі­мінің дәріскері, Маңғыстау ау­дандық комитеті­ парт­каби­не­ті­нің меңгерушісі, Мақат ау­дан­дық комитетінің үгіт-на­сихат бө­лі­мі­­нің меңгерушісі болып ең­бек етті. 1958 жылдың қараша айы­нан Мақат ау­да­­нындағы Доссор және Байшонас ор­та мек­­тептерінің директоры болып та­ғай­ын­далып, білім саласында қыз­мет атқарды.

Ләззат НҰРСҰЛТАНОВА,
тарих ғылымдарының докторы, 
Л.Н.Гумилев атындағы  
ЕҰУ профессоры