Биылғы жылдан бастап «Алтын белгіні» беру құқығы мектептерге берілгені белгілі.
Майраш Тайкенованың айтуынша, министрлік «Алтын белгі» иегерлерінің санына, олардың жоғары оқу орындарындағы үлгерімдеріне талдау жүргізетін болады. Сондай-ақ мектептегі журналдан 11 жыл ішінде алған бағаларын да қарайды.
«Енді мектептер «Алтын белгіні» аттестаттау қорытындысы бойынша береді. Білім және ғылым министрлігі мектептерге үлкен сенім артып отыр. «Алтын белгіні» беру кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін вице-министр, департамент басшылары мектеп директорларымен кездесіп, әңгімелесуде. Білім және ғылым министрлігі тарапынан міндетті түрде бақылау жүргізілетіні айтылып жатыр. «Алтын белгі» иегері төмен балл алып, жоғары оқу орнына түсе алмай қалса, оған мектеп директоры жауапты болады, – деді министрдің кеңесшісі Tengrinews агенттігіне берген сұхбатында. – Біз ашықтықты қамтамасыз ету үшін электрондық форматқа ауысуды көздеп отырмыз. Оқушының аты-жөнін жазып, оның 11 жыл бойы қандай баға алғанын көре аламыз. Электронды күнделік енгізілген соң, кез-келген оқушының өмірбаянымен танысуға мүмкіндік болады».
Сонымен қатар, министрлік өкілі биыл жоғары оқу орындарына тапсыру кезінде 2017 жылғы олимпиада жеңімпаздары үшін басымдық болмайтынын атап өтті.
«Бұл ЖОО-ға түсуде барлығының құқықтарын теңестіру үшін жасалып жатыр. Енді ең бастысы – білім. Оқушылар Ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыруына байланысты тиісті баллдарын алады», – деді М.Тайкенова.
Ол сондай-ақ осы жылы ҰБТ тапсыру уақыты ұзартылғанын, сұрақтар көбейгенін жеткізді. Бұрын үш сағат болса, енді үш сағат отыз минут. Бұрынғы 120 сұрақтың орнына, енді 140 сұрақ болады.
Министр кеңесшісінің айтуынша, бұдан былай аттестатты тек қорытынды емтихан тапсырғаннан кейін ғана алуға болады.
«Биылға дейін оқушылардың бір бөлігі ҰБТ тапсырмаған, айлада, қорытынды бағаларына сәйкес аттестаттарын алып отырған. Барлығы үшін бірдей қорытынды емтихан өткізілмеген. ҰБТ тапсырудан бас тартқан оқушы аттестатын алып кете берген. Енді мұндай оқушылар да емтиханға дайындалатын болады. Барлығы қорытынды аттестаттаудан өтеді», – деді ол.
Сондай-ақ үстіміздегі жылы гранттар саны көбейетіні белгілі болды.
«Егер өткен жылы мемлекеттен 37 932 грант бөлінсе, биыл олардың саны 40 мыңнан асады. Бакалаврға бөлінетін гранттар саны бұрынғыдан 3,5 мыңға көп. Сондай-ақ педагогикалық мамандықтарға гранттар көбейтілді, – деп мәлімдеді М.Тайкенова.
Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларына «Алтын белгі» берілуін бақылап отырады. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова мәлім етті.
Мемлекет басшысы Ынтымақ ауылындағы мектепті аралап көрді
Президент • Бүгін, 18:21
Биыл Жетісу облысында 250 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген
Президент • Бүгін, 17:48
Президент «Талдықорған» индустриялық аймағына барды
Президент • Бүгін, 17:36
Елімізде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы құрылады
Қоғам • Бүгін, 17:16
ТЖМ автопаркі заманауи көліктермен толықты
Қоғам • Бүгін, 17:15
Мемлекетке тіркелген алтын қоры 522 тоннаға ұлғайды
Қоғам • Бүгін, 17:02