Қазақстан • 16 Мамыр, 2017

Шу тудырған ақпарат шындыққа жанаспайды

181 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бірнеше күн бұрын ғаламтордағы әлеуметтік желілерде ЭКСПО-2017 қалашығы аумағындағы Конгресс-холл сарайының құрылысымен айналысып жатқан «Sembol» компаниясы құрылысшыларының жұмысына қатысты бейнеролик тараған болатын. Қоғамдық шу тудырған түсірілімде автор жылу сақтайтын құрылыс материалдары жол салу үшін ысырап төселіп жатқандығы туралы айтады. Алайда, белгілі болғандай, карбон материалдарымен жол емес, паркинг салынбақ.

Шу тудырған ақпарат шындыққа жанаспайды

«Барлық пайдаланылған ма­териалдар – америкалық өнім­дер. Бұл – жай ғана қағаз емес, 40 тонна салмақты көтере­тін өте мықты материал. Соны­мен қатар, жылуды да ұстап тұру­ға қауқарлы. Біз оның берік­ті­гін дәлелдей аламыз. Жалпы, түсі­ніс­пеушілік орын алғаны үшін кеші­рім сұраймыз. Құрылысқа құм, топырақ немесе осы тек­тес басқа да қарапайым қос­па­лардан жасалған дүниелерді пайдаланған емеспіз. Бірнеше күн бұрын аталған аумаққа тиіс­ті тестілеу шараларын жүргіз­дік. Сынақ нәтижесі бойынша материал төзімді болды», де­ді «Sembol» компаниясының ме­неджері Ахмет Қарахан. 
Жүргізуші болып істейтін бейнеролик авторы Вячеслав Павлюков қоғамда шу тудырған жарияланымы үшін кешірім сұрады. «Соңғы екі күнде бей­­не­­ро­ликке байланысты жұрт дүр­­лігіп кеткендіктен, ЭКСПО қала­шығына компания басшы­лы­ғынан кешірім сұрауға келдім. Маған жобалаушы инженерлер ол жерде паркинг болатынын түсіндірді. Жүкті түсірген кезде нысанның аумағында материалды пайдалану мақсаты жайында толық білмейтін едім. Дегенмен, бейнежазбаны жүктедім. Атап айтқанда, бей­не­­роликті үш апта бұрын екі досы­ма жібергенмін. Ал осыған қа­тыс­ты кешеден бері көпшілік шулап кетті», деді ол. 35 жаста­ғы В.Павлюков Астанада тұра­ды екен. Айтуынша, әзірге жұ­мыс­тан қуылмаған.
«Дереккөзге назар аударсақ, материалды алып келген адам­ның заманауи құрылыс техно­логиялары жайында айтып жат­қанын аңғарамыз. Ол білім­ді, оқыған жан шығар. Бірақ оның сөздерін растайтын ешқан­дай мәлімет айтылмады», деді өз кезегінде «Астана ЭКСПО-2017» АҚ Қоғаммен бай­ла­ныс департаментінің дирек­торы Сергей Куянов.

Асхат РАЙҚҰЛ, 
«Егемен Қазақстан»