Ерлан Ыдырысов Қазақстанның Халықаралық теңіз ұйымымен ынтымақтастықты дамытуға зор мән беретіндігін атап өтті. Елші Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздер, Қазақстан порттарының даму перспективалары және Каспий маңы мемлекеттерінің түрлі саладағы қарым-қатынастары жөнінде сөз қозғады.
Сонымен бірге, Е.Ыдырысов ХТҰ Бас хатшысын Қазақстанның экономикалық дамуымен және оның аймақтық рөлімен таныстырып, ел Үкіметінің ұлттық стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатқандығын айтып, оған еліміздің 2017 жылғы ақпанда ХТҰ-ның міндетті аудитінен сәтті өтуіне жәрдем көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде, Китак Лим Қазақстанның Халықаралық теңіз ұйымымен ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысын жоғары бағалап, ХТҰ-ның Қазақстан тарапына қажетті қолдау көрсетуге тырысатындығын атап өтті. Ол, сондай-ақ, ХТҰ-ның Қазақстанға және Каспий өңірінің басқа да мемлекеттеріне өзінің мандаты аясында техникалық жәрдем көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді.
Кездесу соңында Е.Ыдырысов Қазақстан делегацияларының ХТҰ-ның басшылық және мамандандырылған органдарының жұмыстарына, атап айтқанда, осы жылғы қараша-желтоқсан айларында өтетін ХТҰ-ның ХХХ Ассамблеясына белсенді қатысуының маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, Халықаралық теңіз ұйымы – халықаралық сауда кемелері қатынасында техникалық мәселелер бойынша ынтымақтастық және ақпарат алмасу жөніндегі БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып табылатын халықаралық үкіметаралық ұйым. Біздің еліміз Халықаралық теңіз ұйымына 1994 жылдан бері мүше.
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысов Халықаралық теңіз ұйымының (ХТҰ) Бас хатшысы Китак Лиммен кездесіп, аккредитациялық хат тапсырды. Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Кеше
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Кеше
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Кеше