Аймақтар • 16 Мамыр, 2017

Сын сәтте сыр бермеген

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері – полиция старшинасы Мұрат Нұрсейітов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, полицияның аға сержанты Баянбек Жүнісов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Сын сәтте сыр бермеген

Бұл балалар Баянауылдан облыс орта­лы­ғында өтетін спорттық жарысқа келе жат­қан бо­латын. Автобуста 18 оқу­­шы және 4 тәрбиеші бол­ған. Көліктің алдында поли­ция көлігі жү­ріп отырады. Ке­неттен жолдың қарсы б­е­тінде келе жатқан «КамАЗ» автобусқа қарсы шы­ға­ды. По­ли­цейлер соққыны өздеріне алып, ба­лалардың өмірін құтқарып қалды. Биылғы қыс айында болған осы оқиға жұртшылықтың есінде.
– 7 мамыр − Отан қор­ғау­шы күніне орайластыра алған марапат біздер үшін зор мәртебе. Қандай қиын сәттерде болса да әріп­тес­теріміз өз міндеттеріне сай адал қызмет етуде, біз де сон­дай сын сәтін бастан өт­кер­дік, – дейді бейбіт күн­нің батырлары.
Жол апатынан соң, бір­не­ше ота жасатып, Мұрат Нұр­сейітов аман-есен емделіп шықты, қазір денсаулығы қалыпты, алда­ғы қыркүйек айында қайтадан қызме­тіне кіріспекші. 

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген 
Валерий БУГАЕВ