Медицина • 16 Мамыр, 2017

Әскери қызмет – әркімнің азаматтық борышы

1100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде жастарға патриоттық тәрбиені насихаттау, Отан алдындағы міндетін түсіндіру маңызды. Қазіргі кезде жас- тар арасында әскерге бару мәселесінің де өзекті екенін айта кету керек. Елімізде әскери қызметке барлық мүмкіндіктер жасалғанмен, көп жастардың әскер қатарына баруға құлықсыз екені белгілі.

Әскери қызмет – әркімнің  азаматтық борышы

Осы орайда, «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде об­лыс­­тық Жастар саясаты мә­се­лелері басқармасы мен облыс­тық Қорғаныс істері жөнін­дегі де­партаментінің ұйым­дас­­тыруымен «Әскерге бару – аза­маттық парызым!» атты облыс­тық патриоттық акциясы өтті. Аталған шара Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл және Ұлы Жеңістің 72 жыл толуына арналды. Акцияға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, «Жамбыл облыстық генералдар кеңесі» республикалық қо­ғам­дық бірлестігінің директоры Әбдіғаппар Қазиев арнайы қа­ты­сып, жастарды Отан ал­дын­д­а­ғы қыз­метін абыроймен ат­қа­руға шақырды. 
Сондай-ақ, шара барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбас­шы­лы­ғының әншілері Ерлан Әші­мов, Жанат Кодиров «Қазағым жаса!», «Туған елім» патриоттық ән­дерін орындаса, ата-аналар аты­нан Гүлжәмилә Отарқызы сөз алып, жас сарбаздарға жылы ле­­бізін біл­дірді. Ал «Оңтүстік» өңір­лік қолбасшылығы әскерлері 85395 әс­кери бөлімінің барлау рота­сы­ның қоян қолтық ұры­сы­ның қойылымы да кө­п­ші­лікке ере­кше әсер сыйлады. 
Жастардың жауынгерлік 
рухын оятатын айтулы жиында ұйым­­дастырушылар тарапынан әскер қатарына шақырыл­ған жастарға қажетті заттар табысталды. Сондай-ақ, Отан алдындағы борышын өтеуге «Көне Тараз» орталығынан 30 сарбаз салта-­    натты түрде әскер қатарына ат­танды.

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы