Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 4 айдың қорытындысына сәйкес экономиканың басым салалары бойынша өсімнің жеделдеуі байқалатынын атап өтті. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында ЖІӨ өсімі 3,7% құрады. Тұтынушылық және инвестициялық сұраныс, сонымен қатар ЖІӨ динамикасын қолдауға көмек болған экономиканың нақты секторындағы артып келе жатқан белсенділік негізгі факторларға айналды.
ЖІӨ-нің оң динамикасы тау-кен және өңдеу, құрылыс және қызмет көрсету салаларының нақты өсімімен себептеледі. Тау-кен өнеркәсібі салаларында көмір мен қоңыр тас көмір, мұнай, табиғи газ алу көрсеткіштерінде оң динамика байқалды. Негізгі өңдеу сегменттерінде де, атап айтқанда, мұнай өңдеуде, фармацевтикада, металл емес минерал өнімдерде, металлургиялық өнімдерде және машина жасауда жандану байқалады.
Агроөнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі өзгерістерге ұшыраған жоқ және 2,9% оң көрсеткішінде сақталып қалды. Құрылыста да 6,1% артып, оң динамика сақталуда. Павлодар, Жамбыл облыстарында және Астанада жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтері бойынша, есепті кезеңде көрсетілетін қызметтер өндірісі 1,9% өсті. Секторлар бойынша сауда-саттықта және ақпарат пен байланыста өсім байқалады, көлік және қоймалау қызметі саласының даму көрсеткіштері 3,5% артты, ал жүк айналымы 5,9%, жолаушылар айналымы 3,2% өсті.
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2017 жылдың 4 айындағы экономикалық өсімнің қарқыны қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше