Білім • 17 Мамыр, 2017

Білім негізін қайтсек дұрыс қалаймыз?

369 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

Проблема өмірдің қай саласында да жетіп асады. Солардың ішінде бүгінгі білім саласы қатты сынға ұшырауда. Жалпы, бұл саланың кемшіліктері қазір ғана пайда болған жоқ. Ол кемшіліктер бұдан бұрын да орын алып, уақытында түзетілмей қордалана берген. Білім саласындағы кемшіліктерді бәрі көріп-біліп отыр. Бірақ алып айсбергтің су бетіндегі көрінісін ғана тамашалап, астындағы одан да зор бөлігін көре алмайтынымыз сияқты білім берудегі кемшіліктердің түпкі себебін көбіміз біле бермейміз. Сол білместігімізді Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек Құсайынов «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне берген сұхбатында білдіріп отыр. Сөйтсек, білім беру мен оқыту жүйесінде ең басты тетікті білмейді екенбіз. Ол – білім сапасын көтеру мақсатында жүргізілген реформалардың ғылыми негізі болуы керектігі. Сонымен бірге, білім беру саласын дамытудың ғылыми жүйесін жасау.

Білім негізін қайтсек дұрыс қалаймыз?

Ал енді осы басты екі принцип сақталып жүр ме? Бұған ешкім де сақталуда деп айта алмайды. Ол қағидаларды білу үшін педагогика ғылымын терең білу, мең­геру керек екені белгілі. Соны терең біл­­мегендіктен де қателіктерге жол бе­рі­луде. А.Құсайынов жоғарыдағы мақа­ла­­сында бүкіл ғұмырын педагогикаға арнап келе жатқанын айта келе «Орта білім бе­ру жүйесіндегі дағдарыс: шығу жолда­ры» атты кітапша жазып шығарғанын ай­та­ды. Міне, бәрімізге де аса қажетті жә­не басшылыққа алатын құнды дүние осы кітапша болса керек. Енді көтеріліп отыр­ған мәселеге орай өз байлам, ой-тол­ғамдарымызды ортаға салалық.

Мен де педагогикаға өмірімнің ба­қан­дай 23 жылын арнаған адаммын. Пе­да­гогикадағы еңбек жолымды сонау 1960 жылы жеке бастауыш мектептің мұғалімі және меңгерушісі болып бастағанмын. Екі жыл бастауыш сыныпқа сабақ бердім. Содан соң бес жыл орталау мектепте Қа­зақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қыз­мет атқардым. Арада он жыл жу­р­на­листік қызметтегі үзілістен кейін пе­да­гогикалық жұмысыма қайта оралдым. Арқалық қаласында өзім ұйымдастырған «А.С.Макаренко атындағы балалар мен жасөспірімдер советі» атты мектеп оқу­шыларының мектептен тыс кезіндегі тәр­биесімен айналысатын әрі қиын бала­лар­мен жұмыс жасайтын балалар меке­ме­сінің директоры болып алты жыл арпа­лыстым. Мақсатым қиын балалармен жұ­мыс жасаудағы Макаренконың әлемде тең­десі жоқ іс-тәжірибесін Қазақстанда жаң­ғыртып жүзеге асыру болатын. Оның мүм­кін екенін дәлелдеп бердім.

1993 жылдан 2003 жылға дейін Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мем­лекеттік педагогикалық институтын­да он жыл әдебиет кафедрасында ұстаздық еттім. Міне, 1-сыныптан бастап педагогиканың жо­ғары оқу орнына дейінгі саты-са­ты­ла­рының бәрінде қызмет атқарып, аянбай еңбек еткенмін. Бұл менің еліміздегі бі­лім беру саласының жарты ғасырлық ке­зеңіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін сараптап, жетік білуіме, соған қарай бастамалар көтеріп, ұсыныстар жасап отыруыма негіз болған.

Бернард Шоу «Ой-идеяларыңды дәлел­деу­дің ең тиімді тәсілі қайсы?» деген сау­ал­ға «Өз идеяларыңды қорғап, айтысып-тар­тысып әлек болудың қажеті жоқ, ең дұ­ры­сы қайтадан айта беру керек» деп жауап бе­ріпті. Мен Шоудың осы ақыл-кеңесін ұстанып келемін.

Бірінші идея-бастамам – мектептерде баяғыдан осы күнге дейін орын алып келе жатқан процент қуып, өтірік 99-100 пайыз үлгерім беруді тоқтатып, шын үлгерімге же­ту туралы болатын. «Білім негізі – бірінші клас­та» атты проблемалық мақалам 1967 жы­лы «Қазақстан мұғалімі» газетінде жа­рия­ланған. Сол кездегі білім министрі Кен­жәлі Айманов: «Авторға бастамасын жү­зеге асыруға жағдай туғызылсын» деп га­зет шетіне бұрыштама жазып берді. Бұл бас­таманы жүзеге асыру үшін облыстық және аудандық оқу бөлімдерінен маған бір ме­к­тептің оқу ісінің меңгерушісі қызметін бе­руді сұрадым. Қатардағы мұғалім болып жүріп, оны іске асыру мүмкін емес еді. Өйткені, 1-кластан оқушыларды тек жақ­сы, өте жақсы үлгеріммен көшіру үшін бү­кіл мұғалімдер ұжымын, ата-аналарды жұ­­мылдыру керек. Бірақ, мектептердегі про­цент қууды газеттерде әшкерелеп жүр­ген менен мектеп директорлары қорқып, он­дай басшылық жұмысқа алдырмай қой­ды.

Мен «Білім негізі – бастауышта» деген жал­пылама айтылған сөз деп есептеймін. Оны бастауышта мұғалім болған өз тә­жі­ри­бемнен жақсы білемін. Білім негізі қаланатын бірінші сыныпта жақсы не өте жақсы оқымаған оқушыны одан кейінгі сыныптарда озаттар қатарына қоса алмай­сыз. Демек, «Білім негізі – бірінші сыныпта!» Мектептер міне осындай концепциямен жұмыс жасауы керек. Сол мақсатпен 1-сыныпқа ең тәжірибелі мұғалім сабақ бе­руі керек және оның еңбекақысы да өз­ге­ле­рі­нен бір жарым есе көп болса дейміз. Бі­рін­ші сыныпты тәжірибесіз әрі оқу орнын жаңа бітіріп келген жас мұғалімге тапсыруға әсте болмайды. Және 1-сынып оқушыларының саны жиырмадан аспауы ләзім.

Білім негізі қаланатын бірінші сыныпқа бар күшті сала отырып, баланы келесі с­ы­ныпқа тек қана жақсы, өте жақсы үл­геріммен көшірудің маңызы аса зор. Оқу­­­­шылардың тәртібі де жақсы болып, ал­­дыңғы сыныптарда қиын балалар про­б-
­ле­масы болмайды. Нәтижесінде бұл бас­тама білім берудің сапасын арттырып қ­а­на қоймай саланы дамытуға да, реформа­лар­ды сәтті жүзеге асыруға да ғылыми негіз бо­лады.

Академик Асқарбек Құсайыновпен ол көтерген екінші тәрбие мәселесінде де көзқарасымыз бір екен. Асекең шет елдерде ана тіліндегі тәрбиеге, оның ішінде рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге күш салынатынын айтады. Шет елдердің озық тәжірибелеріне назар аударған дұрыс, бірақ өзіміздің халық тәрбиесіне жете көңіл бөлмей, зерттеп-зер­делемей жүрміз. Бұрын қазақтың мек­теп оқуы, сауаты болмағанмен, жол оқу­ы мен тәрбиесі,көңілге тоқуы мықты бол­ған ғой. Әсіресе, әдеп тәрбиесі таңғала­р-
­лықтай емес пе. Үлкеннің алдын кесіп өт­пеу, үлкен тұрғанда кіші сөйлемеу, ене тәр­биесі, қызға қырық үйден тыйым, қо­нағын Құдайдай сыйлап құрметтеуі, ба­ланы адамгершілік қасиеттерге баулуы бәрі-бәрі өзіміз үлгі аларлық ұлттық тәрбиелік оқу құралындай. Бірақ соларды тәрбиелік оқу құралына айналдыра алмай жүрміз. Басқаның қаңсығын таң­сық қылудан арылып, өзіміздің ұлттық құн­ды­лықтарымызды, халықтық тәрбиенің озық үлгілерін мектептеріміздің сыртынан сығалатпай есікті айқара ашып ішке кір­гізуіміз керек.

Бәрімізді қатты алаңдатып, оқу­шы­лар­ды да, ата-аналарды да қинап жүрген жағдай – пән­дердің көптігі. Және жыл сайын жаңа пән­дер қосылып жатады. Бұл айтпасқа болмайтын, көпшілікті тоғандырып отыр­ған тақырып. А.Құсайынов шамадан артық (перегрузка) пәндер мен сабақтар кешегі кеңестік кезеңнен, тіпті, сонау патшалы Ресей уақытынан бері бар екенін айта ке­ле, ұлы педагог К.Ушинскийден мына­дай мысал келтірген: «Біз балалардың ба­с­ына әртүрлі ештеңеге де керегі жоқ қо­қысты үйіп-төгіп жатырмыз, кейін адам оны өмірде қолданбайды». Міне, осы жай қазір бізде де орын алып отыр. Асекең со­­ның салдарынан орта білім сапасы өр­леу­д­ің орнына төмендеп кеткенін зерттеу нә­тижелері арқылы дәлелдеп берген. Ж­ә­не білім сапасын қалай көтеруге болаты­ны туралы ой-ұсыныстарын шетелдік ү­з­дік тәжірибелерге сүйене отырып жайып сал­ған.

Ал мен өз түйгендерімді өз тәжір­и­бе­ле­ріме сүйене отырып айтпақпын. Жалпы,  пе­дагогика консервативтік ғылым санала­ды. Бұл енді өмірдегі қисынсыздық. Ал шы­нында педагогика болашақ адамдарын яғни жастарды оқытып тәрбиелейтін бол­ғандықтан ол озық ғылым болуы керек емес пе. Өкінішке қарай, педагогика со­нау баяғыдан бері адам психологиясы­мен, оның табиғатымен, қабілетімен санаспайды. Рас, жас адамға оқу керек, өміріне қажетті білім алу керек. Солай екен деп, шамадан тыс көп пәндерді оқыта беру жөн бе? Әр ыдыстың сыйымдылық мөлшері бар. Егер артық құйсаңыз төгіледі, арбаға жүкті артық артсаңыз ат тарта алмайды, не арба сынады. Адам да солай. Артық оқытқаныңыз бойға дарымайды, сің­­бейді, қабылданбайды. Сол артық оқы­ту­ға кеткен уақыт пен жұмсалған қар­жы бос­қа шығын болады.

Сананың есте ұстау қабілеті шексіз емес. Ыдыстың сыйымдылығы сияқты ар­тық ақпаратты, артық оқуларды лақтырып тас­тап, ұмыттырып отырады. Бұл сананың өзін өзі қорғауы. Қазақта оқу өтіп кеткен де­ген сөз бар. Тегін айтылған сөз емес. Оқи-оқи санасына зақым келген адамдар­ды көрген соң айтқан. Қиын балалар соның бір көрінісі десе керек. Егер соларға қа­білетіне қарай білім бергенде олай болмас еді.

Сананың артық ақпараттар мен са­бақ­тарды қабылдамай лақтырып тастау про­цесі кезінде керек білімдер қоса кетіп қа­лып жатады. Ендеше, керекті кетірмей қа­лай аман сақтап қалу керек? Міне, пе­да­гогиканың шешетін түйінді мәселесі осы. Ол үшін алдымен нені оқытып, нені білдіру керек екенін шешіп алу қажет. Бұл адам санасымен санасу арқылы шешілетін мәселе. Нені білудің үш түрі бар. Олар:

бірінші – білуге міндетті,

екінші – білуі керек,

үшінші – білгені жөн.

Міне, әр сыныпқа арналған пәндерді белгілеуде, сол пән оқулықтарын жазуда немесе құрастыруда және соған іріктеліп, сұрыпталып кіргізілетін материалдарды таңдап анықтауда осы үш принцип, яғни үш талап қатаң қадағаланып басшылыққа алынуы тиіс. Оқулыққа материалдарды іріктеп орналастырғанда біріншісіне 60 пайыз, екіншісіне 30, ал үшіншісіне 10 пайыз үлес бер­ген дұрыс болмақ. Оқулықтарда осы шарт­тар сақтала ма? Жоқ, сақталмайды. Оқу­шы білуге міндетті тақырыптардан «білгені жөнге» жататын материалдар көп екенін көреміз. Сондықтан екінші, үшін­ші кезектегі тақырыптарды азайту арқылы оқулықтарды ықшамдауға, са­ғатын азайтуға, олардан үнемделген са­ғаттар есебінен осы уақытқа дейін жетімдік көріп жүрген тәлім-тәрбие пәнін енгізіп, оның сағатын аптасына кемі екеуге жеткізу керек.

 Бұл үш принцип оқушының сабақ айтқанын бағалауда да керек. Білгені жөн, білмегені айып емеске жататын та­қырыпты айта алмағаны үшін оқушыға жаман баға қоюға болмайды. Өз басымнан мынадай сабақ аларлық қызық оқиға өткен.Бір оқушымның әкесі келіп, жап-жақсы оқып жүрген ұлының менің сабағымнан екі алып, үйге жыларман болып келгенін ренішпен айтты. – Алдымен ұлыма оу, сен қазақ емессің бе, қазақ тілінен екі алғаның қалай, деп ренжідім де артынан сол сабақты өзім оқып көрейінші деп қарасам, «етістер» деген тақырып екен. Өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс... деген сияқты адам миына қонатын нәрсе емес. Ал енді, мұғалім, сен айтшы осы мына етістерді біл­мегеннен баланың несі кетеді? Оның жал­пы оқуы мен біліміне, ой өрісіне, өз тілі – қазақ тілінде еркін сөйлеуіне не зиян кел­тіреді?

– Ештеңесі де кетпейді, бірақ алған екісі тоқсан аяғында бағасын кемітеді, ой өрі­сіне еш зияны жоқ, – деп шынымды айт­тым.

– Ауылымызда жақсы аталып жүрген ұс­тазсың, білуге міндетті саналмайтын, ке­ре­гі шамалы сондай «етіс-метістер» үшін ба­лаға екі қойып сағын сындырғаның жөн бе?! – деп мені қатты састырды.

 Сөйтіп, ол маған үлкен ой салып кет­ті. Содан былай бағаны оқушының та­қырыпты білуі міндетті және міндетті емес­­тігіне қарай қоятын болдым. Сөй­т­сем ортаңғы сыныптардың қазақ тілі мен әде­биеті оқулықтарында білуге мін­дет­ті­лер­ден үшінші топтағы міндетті емес ма­те­риалдар көп болып шықты.

Оқулықтарды жазуда және құрас­ты­руда бізде жауапкершілік, ізденіс же­тіс­пейді. Біз сияқты ондаған жылдар мек­­тептің ыстық-суығына түсіп шыққан пра­к­тик мұғалімдер мен оқытушылардың шырылдап жазған мақала, еңбектеріне, бай тәжірибеге негізделген ұсыныстарына назар аударылмайды. Осы өкінішті. Қо­рыта келгенде айтарым, біріншіден, оқу­лықтарды білгені жөн деген, кейін де біле жататын, оны білмегеннен еш­кім­ге еш нұқсан келмейтін материалдар­дан арыл­тып, үнемделген сағаттар есе­бі­нен, тіпті пәндер есебінен Әл-Фараби ба­ба­мыздың өсиетіне сай білімнен бұрын тәрбие беруге күш салуымыз керек.

А.Құсайынов өз сұхбатында аса кө­кей­кесті де ауқымды мәселелерді алға тартып отыр. Оның әрқайсысы жеке талдауға жүк. Бірінші сыныптан бастап үш тілде оқы­ту жөніндегі пікіріне келсек, ол әлем ел­деріндегі жағдайды зерттей келгенде бір­де-бір шет елдің мектебінде бірінші сы­ныпта үш тілде оқытылмайтына көз жет­кізген. Ал мен өз көзіммен оқып көрген мә­­лімет – ЮНЕСКО-ның шешімінде ба­ла бастауыш сыныптарда тек өзінің ана ті­лін­де оқып тәрбие алуы керек деп жа­зыл­ған. Бұл қағиданы Жапония бұл­жыт­пай сақ­тайтыны айтылып та, жазылып та жүр. Бұған қосымша сөз қосу артық болар.

Қорыта келгенде, Қазақстан педагогика ғылымдарының басында отырған академик А.Құсайыновтың тікелей басшылығымен орта білімнің ғылыми негізін және ең бас-
ты қағидаларын жасау үшін сол академия қабырғасында педагогикалық қоғамдық кеңес құру дұрыс болмақ. Қаншама озат ойлы аса тәжірибелі практик мұғалімдер өз­дерінің тамаша бастама, ой-идеяларын өт­кізе алмай жүр. Соларды қоғамдық ке­ңес­ке тартып, олардың педагогикалық іс-тәжірибелерін зерделеп тарату, өмірге ен­гізу қажет.

Жұма-Назар СОМЖҮРЕК,
ұстаз, жазушы, әдебиет сыншысы