26 Тамыз, 2011

Инновация саласындағы ынтымақтастыққа шақырды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада өтіп жатқан Қа­зақ­стан-Корея бизнес-фо­ру­мы­­­на қа­тысқан Үкімет бас­шысы Кә­рім Мәсімов Корея Рес­пуб­ли­касының инвестор­ла­рын елі­міз­дің иннова­ция­­лық жобала­ры­на қатысуға шақырды. «Инновациялық және техно­ло­гия­лық даму салаларындағы сіздердің озық табыстарыңызды ескере отырып, мен біздің ко­рея­лық әріптестерді Қа­зақстандағы инновациялық жобаларға қосы­лу­ға шақырамын», деді Үкімет басшысы. Осы орайда Премьер-Министр инновациялық жоба­лар­ға ерекше екпін берілетінін, сондай-ақ технологиялар барын­ша игеріліп, ғылыми және зерттеушілік топтар арасында байла­ныс­тар күшейе түсетінін айта отырып, екі ел арасындағы әріп­тестіктің уақыт сынынан сүрін­бей өтіп келе жатқанын атап көр­сетті. «Егемен-ақпарат».