Қазақстан • 18 Мамыр, 2017

Игі бастамаларды қолдау − азаматтық парызымыз

229 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Республикалық «Егемен Қазақ­стан» газе­тінің 17 наурыз күнгі санында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің «Мақсат – уақытпен үндесе алға басу» атты мақаласы жарияланған болатын. Онда министр соңғы кездері жүзеге асырыла бас­таған жаңа бастамалар мен өзгерістер жөнінде толық түсініктеме бере келе, балаларымыздың қарыштап алға қарай кетіп бара жатқан заманауи, бәсекеге қабілетті әлемде өмір сүрулері керектігін атап өтіпті. Расында да, болашағымыз жас­тардың уақытпен үндесе заманның талабына сай өмір сүруі, бәсекеге қабілетті маман болуы маңызды. Білім саласындағы баста­малар да осындай игі мақсаттарды көздейді.

Игі бастамаларды  қолдау − азаматтық парызымыз

Министр өз ма­­қаласында көп мә­селеге тереңірек тоқ­­­талыпты. Жоға­ры оқу орындарында еңбек еткен көп жылдық тәжірибеме сүйе­не отырып, ми­нистрлік тарапы­нан қолға алынған басталамалардың шын мәні­сіндегі мән-жайына қатысты өз азаматтық ұста­нымымды білдіргім келіп отыр. Және оған соңғы уа­қытта бұ­қа­ралық ақпарат құ­рал­да­рында, оның ішінде ғаламтор желілерінде минис­тр тарапына айтылған сын-пікір­лер де себеп болып отыр. Алдымен айтарым, Бі­лім және ғылым министрлігі Елбасы Н.Назарбаевтың «Қа­зақ­­стан-2050» Стратегия­сындағы, Қа­зақ­стан халқына арнаған жол­дауларындағы басым мін­­деттерді жүзеге асыруда. Кез келген реформаның же­ңіл жүзеге асырыла сал­май­тындығы – тарихи шын­дық. Ал, білім беру саласының маңызды стратегиялық ба­ғыт екендігін ескерер бол­сақ, жұрттың үлкен алаңдау­шылығын да түсінуге болады. Дегенмен, босқа дау­рық­пай, елді дүрліктірмей, мәселенің мәнісін толық түсі­ніп, Елбасының бастамаларына қолдау көр­се­туіміз керек деп есеп­теймін. Ол үшін Білім және ғылым министрлігіне бұл бас­тамаларды елге дұрыс жет­кізу, түсіндіру тетіктерін қарастырған жөн.
Соңғы кездері талқылауға түскен бастамаларға қатысты ойымды, мамандығым тарихшы болғандықтан, осы мәселеден бастайын. «Қазақ­стан тарихы» пәнінің маз­мұны бойынша мектеп бағ­дар­ламасында және жо­ғары оқу орны бағдар­лама­сында қайталаулар өте көп. Сондықтан, ондай қай­талау­ларды қысқарту дұрыс деп есептеймін. Екіншіден, классификатор мәселесіне келер болсақ, оның жаңа нұсқасы ресми түрде қолданысқа әлі енгізілген жоқ. Сондықтан, ешқандай дау-дамайға да негіз жоқ. Құжаттың жаңа нұсқасының талқылауға түсіп, әртүрлі пікірлерді туындатуы да заңды құбылыс. Осыған байланысты классификатордың «Бакалавриат мамандықтары» атты бөлімінде «Қазақ тілі», «Қа­зақ әдебиеті», «Қа­зақ та­рихы», «Лингвис­ти­ка», «Шы­­­ғыстану» мамандық­та­ры алынып тасталды деуге де ешбір себеп жоқ. Бұл маман­дықтардың барлығы да жоғары оқу орындарында сақталып, оқытылуда. Сон­дай-ақ, «Әліппе» оқу­лы­ғы дайындық сыныптарын­да оқытылатындығы педаго­гикалық қауымдастықпен ақыл­даса отырып, шешілген мәселе. Өйткені, қазіргі ба­лалардың басым көпшілігі мектепке әріп­терді танып, оқи алатындай болып барады. Сондықтан «Әліп­пенің» қажеттілігі мектепке дейінгі дайындық сыныптарында қатты се­зіледі. Ал баста­уыш сыныптарда «Ана тілі» оқулығы енгізілетін болады. 
Білім және ғылым министр­лігінің хабарлауынша, «Сер­пін» бағдарламасы өз жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше, бұл бағдарламаға бөлінетін орындар саны би­ылғы жылы 500-ге ұлғаяды. Солтүстік өңірлердегі жоғары оқу орындарына, ең алдымен, магистранттар мен докторанттар жіберілетін болды. Бұл мәселе де педагогикалық қауымдастықпен және жер­гі­лікті атқарушы органдармен кеңі­нен талқыға түскен болатын. «Үштұғырлы тіл» бағдар­ла­масының жүзеге асырылуына Елбасының соңғы Жолдауында да ерекше назар аударылды. Онда «Үш тіл­ді оқуға кезең-кезеңмен кө­шу мәселесі бойынша ұсы­ныс­тар әзірленсін. Қазақ тілі­нің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық про­греске жете алмайды. ...Осы­ның барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек», − деп атап көрсетілген. Сондықтан, бұл шараны әлемдік өркениет көшінен қалмай, озық елдердің қа­тарына енуге бағытталған әре­кет деп дұрыс түсінгеніміз жөн.
Осылайша, Білім және ғылым министрлігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қол­дап, әлемнің 30 озық елінің қатары­на кіруді басты міндет етіп, еліміз­дің өскелең ұрпағын білімді, мәде­ниетті, ақыл-парасаты мол аза­маттар етіп тәрбиелеу мақса­тын ұстанып отыр. Осыған байланысты білім және ғылым сала­сындағы Елбасы белгілеп берген маңызды стратегиялық міндет­терді өз деңгейінде жүзеге асыру үшін министр Е.Сағадиевке барынша қолдау көр­сету, халықтың арасында жан-жақты түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізіп, рефор­малар­­дың тиімділігін қамта­масыз етуге ықпал ету біздің әрқай­сы­мыздың азаматтық парызымыз деп білемін.

Бақыт САПАРБАЕВ,

М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор