Қазақстан • 18 Мамыр, 2017

Еліміздің барлық өңірінде күн райы құбылмалы болады

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің барлық аймағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте жел тұрып, шаң көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Еліміздің барлық өңірінде күн райы құбылмалы болады

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні шаңды дауылмен 23 м/с болады, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, жел - 15-20 м/с, екпіні - 23 м/с.

Қостанай обылысының кей жерлеріне тұман түсуі мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік жүреді.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.