Защита станциясының желілік ішкі істер бөліміне бір әйел адам арызданған болатын. Ол «Алматы-Защита» бағытымен жүретін поезд жолсерігінің өзін еркінен тыс күштеп, зорлағаны туралы хабарлаған еді. Алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп, сот дәрігерлік сараптамасы тағайындалды. Тексеріс барысында арызданушының көрсеткен мәліметтері дәлелденбеді. Өйткені, әйелдің денесінен күш қолданудың қандай да болмасын іздері табылмады. Соған орай артынша, неге екені белгісіз, арызданушының өзі де алдында зорлады деген адамға енді ешқандай кінә артпайтындығын айтып, тергеуді доғаруды сұраған қосымша арыз түсірген. Сөйтіп, жолаушыны зорлады деген айыппен күдікке алынған жолсерікке қатысты қылмыстық істі қозғаудан полиция бас тартты, деп хабарлады ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.