27 Тамыз, 2011

Балабақша мен ескертіш ашылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Конституция мерекесі қарсаңында Өскеменде 250 орындық балабақша мен 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері, бұрынғы КСРО Орта машина жасау министрі Ефим Славскийге ескерткіш ашылды. Балабақша жібек мата комбинаты қалашығында бой көтерді. Оның құрылысын қаржыландырған – Үлбі металлургия зауыты. Е.Славский – Өскеменнің өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан азамат. Ол одақтың министрлікті басқарып тұрған кезде Өскеменде 20 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй, кәсіпорындар мен әлеуметтік ғимараттар бой көтерді. Ескерткіш пен балабақшаны ашқан облыс әкімі Б. Сапарбаев қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, оларға табыс тіледі. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.