Қ.Тоқаев мейманмен кездесуде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қазандағы Эр-Риядқа сапары екіжақты қатынастардың қарқынды сипатына жаңа серпін бергенін атап өтті. Төраға мейманға Қазақстан саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі туралы әңгімелеп берді.
Кездесуге қатысушылар Сириядағы жағдай жөнінде пікір алмасты. Қ.Тоқаев атап өткендей, жалғасын тапқан Астана процестері Сириядағы шиеленісті бейбіт реттеуге елеулі үлес қосуда.
Сенат Төрағасы мейманды Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының таяуда өткен отырысының қорытындылары туралы хабардар етті. «Біз әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары мен көрнекті саясаткерлерді бір-бірін тыңдай әрі түсіне алулары үшін бір үстел басына жинадық», – деді Қ.Тоқаев. Төраға Венада орналасқан Король Абдалла бен Әбдел-Әзиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық үнқатысудың халықаралық орталығымен байланысты жалғастыру маңызды екенін атап өтті.
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісі, Ислам зерттеулер орталығының төрағасы, ханзада Түрки әл-Фейсал бен Әбдел-Әзиз Әл Саудты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше