Білім • 22 Мамыр, 2017

Тілдерді оқыту мәселелері талқыланды

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тіл білудің негізі отбасына, одан кейін өскен ортасына байла­ныс­ты. Ал, өзге тілдерді танып білудің негізі оны жүйелі оқытуда болса керек.

Тілдерді оқыту мәселелері талқыланды

Осындай күрделі мәселелерге арналған ауқымды жиын «Мәде­ниет­тер тоғысы: қолданбалы әлеу­мет­тік лингвистика және шет тіл­дерін оқыту мәселелері» деген та­қы­рыпта елордадағы Н.Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен еді. Оған осы университеттің жал­пы тіл білімі және аударма тео­рия­сы кафедрасы, С.Демирел универ­ситеті­нің филология және педагогика факультеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті ұйытқы болды. 
Халықаралық конферен­ция­ның негізгі мақсаты – тілді оқы­ту­да тео­рия мен практиканы ұштастыра білу, зерттеу нәти­желерін қолда­ныс­­қа енгізу­ді жүйелі түрде іске асы­ру бо­лып сана­л­ады. Тілді оқы­ту әдісте­месі, қазіргі лингвисти­ка мен әдебиет­тану, көп тілді білім беру ісі, тілді оқытудағы инновациялар мен арнайы мақсаттарға бағыт­талған ағылшын тілі, аудар­ма жұмысы жан-жақты сарап­қа салынған отырыста АҚШ-тың Аризона, Мичиган универ­сите­тінің профессорлары Пауль Кей Матсуда, Сузан Касс, Лондон король­дік колледжінің профессоры Бен Рамптон және өзге де шетелдік ғалымдар баяндама жасап, отандық ғалымдармен тәжірибе алмасты. Әсіресе, көптілділікті сақтай отырып, мемлекеттік тілді жетік мең­геру және бұл жұмысты жастар арасында баянды жүргізу жайы жан-жақты қозғалды. Жалпы саны 250-ге жуық ғылым саласының өкілдері қатысқан басқосуда қазақ тілі мен өзге тілдерді ұштастыра оты­рып меңгеру әдістемесі сараланды. 

Сүлеймен МӘМЕТ, 
«Егемен Қазақстан»