Отырыс барысында Үкіметтің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, технологиялық жаңарту және экономиканы, туризмді цифрландыру сияқты бағыттарын жаңғырту бойынша жұмыстарын жүйелеуге қатысты Ақпарат және коммуникациялар, Инвестициялар және даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің іс-әрекеттері талқыланды.
Мемлекеттік комиссия отырысында қаралған барлық бағыттар еліміздің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында экономиканы жаңғыртуға бағдарланған.