Ақмола облысында жел екпіні секундына 15-20, күндіз 25 м/с-ге дейін жетеді.
СҚО-да жел күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ге дейін жетеді.
Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.
Маңғыстау, Қостанай облыстарында тұман түсуі мүмкін.
Жамбыл, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ күтіледі.
Алматы мен Қарағанды облыстарының кей бөліктерінде күн қатты ысуы мүмкін.