Аймақтар • 23 Мамыр, 2017

Жастарды жігерлендірді

136 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында Алматы облыстық ішкі саясат, білім басқармалары және Талдықорған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай оларды насихаттау, жастар арасында патриотизмді дәріптеу мақсатында салтанатты жиын болып өткен еді. Оған Елтаңбаның авторы, «Құрмет» орденінің иегері Жандарбек Мәлібеков пен өңір ардагерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, жастар, студенттер, ұстаздар, әскерилер, БАҚ өкілдері қатысты.

Жастарды жігерлендірді

Салтанатты шара мем­ле­кет­­тік рәміздер туралы бей­не­ро­лик көрсетумен бас­тал­ды. Қазақстанның ғас­ыр­лар бойы аңсап күткен Тәу­ел­сіз­дігін алғандығын паш ете­тін киелі қазынасы Қазақ­с­­тан Республикасының Мем­ле­­кет­тік  рәміздері салтанатты түрде сах­наға шығарылды. Мем­­ле­кеттік гимн орындалған соң, Елтаңбаның  авторы Мем­ле­кет­тік рәміздердің 25 жыл­ды­­ғына байланыс­ты Ал­ма­ты об­лысының жұрт­шы­л­ы­ғын құт­тықтап, жастарға ар­наған игі тілектерін білдірді.

Мемлекеттік рәміздер туралы жастардың орындауында жүрекжарды өлеңдер оқылды, патриоттық әндер орындалды. Осы шарадан бастап Мем­ле­кет­тік рәміздердің 25 жыл­ды­ғына арналған онкүндік  об­лыстағы аудан, қалаларды қамтып,  55 патриоттық салтанатты ірі шаралар өткізілетінін атап өткен дұрыс. Сондай-ақ, облыстық жастар саясаты мә­се­лелері басқармасының ұй­ым­дастыруымен Мем­ле­кеттік рәміздердің 25 жылдығына  арналған «Туған жерге туыңды тік» атты  жастар марафоны да өтуде.

Мемлекеттік елтаңбаның ав­торы Жандарбек Мәлібекұлы джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан чемпионы, ережесіз жекпе-жектен Азия че­мпионы, WAFC тұжырымы бой­ынша панкратионнан Еура­зия чемпионы Бейбіт Назаровқа Мемлекеттік туды табыс етті. 25 мың шақырымға созылатын марафон аудан, қалаларды қамтып, мемлекеттік рәміздер күнінде аяқталады. 

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы