Білім • 23 Мамыр, 2017

Оқу аяқталады, оқушылар не істейді?

527 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Санаулы күндерден кейін соңғы қоңырау соғылып, тү­лек­тердің тағдыр жолы әр та­­рапқа бөлінеді. Білім бә­се­ке­­сінде қабілеттілігін ай­қын­дап, айрықша көрсет­кішке қол жеткізуге себеп болатын бі­лім­­ді оқушылар легі сап түзеп, үл­­кен өмірге қадам басады. Ал он бір жыл бойы алған білім, ен­ші­леген тәрбие, қалыптасқан та­ным мен түсінік нәтижесінің қан­дай болмағы да уақытқа бай­ланысты. 

Оқу аяқталады, оқушылар не істейді?

Биыл ҰБТ қалай ұйымдастырылады?

Облыстық білім бас­қар­ма­сының берген мәліме­ті­не жү­гін­с­ек, биыл облыстағы жал­пы орта білім беретін 351 мек­тепті 8826 оқушы бітіргелі отыр екен. Яғни, орта мектепті 6611 түлек қазақ тілінде тә­ма­м­даса, қалған оқушылар орыс және өзбек тілдерінде аяқ­тайды. Жыл сайын ата-ана­лардың бас ауруына айна­лып, түлектердің дегбірін ке­ті­ретін ұлттық бірыңғай тес­ті­леуге де аз уақыт қалды.Ж­о­­­ғары оқу орнына түсіп, өзі таңдаған мамандықтың қыр-сырына қанығуды мақсат ет­кен оқушылардың бұл кү­ні бо­лашағы айқындалып, бі­лі­мі­нің сынға түсетіні де рас. 

Бү­гінгі таңда еліміздің толағай та­быс­та­ры мен ғылыми техноло­гия­лар, ұстаздардың білімі мен бі­лігі деңгейінен қарасақ, биыл да білім сапасы оң нәтиже бе­руі тиіс. Бұл тұрғыда бас­қа­р­ма басшысы Сұлушаш Құр­ман­­бекова ата-аналар мен мек­­­теп бітірушілер арасында ҰБТ-ның жаңартылған фор­­матын ақпараттық тү­сін­­ді­ру жұмыстары кеңінен жүр­гі­зіл­генін айтып отыр. Сондай-ақ, мектеп бітіру­ші­лердің қорытынды аттес­тат­тауға дайындығын анық­­тау мақ­сатында облыс мек­­­теп­те­рінде 11-сынып оқу­шы­ла­ры­нан мемлекеттік ем­тихан тап­сы­ратын пән­дер­ден апта сайын бақылау жұ­мыс­тары алынып, мониторинг жүр­гізілуде екен. Енді мұның бар­лығының қан­дай нә­тиже бе­ретіні алдағы уа­қыт­тың ен­ші­сінде.

Бұл күні «бәйгеге шапқан» баланың да, «тақымын қысқан» ата-ананың да жауапкершілік жүгі ауырлай түсетіні анық. Айта кетейік, ағымдағы жылдан бастап ҰБТ жаңа форматта облыстағы 10 ұлттық бі­рың­ғай тестілеуді өткізу пункт­терінде 20 маусым мен 1 шілде ара­лы­ғында өтеді. Ал тес­ті­леуге қа­тысатын 6136 мектеп бі­ті­руші өз мүмкіндігіне қарай түр­лі пәндерді таңдаған. 

Тараз қаласында жыл сайын ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін ірі орынның бірі – М.-Х.Дулати атындағы Тараз мем­лекеттік университеті. Уни­­верситет ректоры Мах­ме­т­ғали Сарыбеков аталған оқу орны емтихан тапсыру үшін түлектерді қабылдауға то­лық­тай дайын екенін айта ке­­ле, алдын ала сынама тест өт­кізу де бала психологиясына жақсы әсер қалдыратынын жеткізді. Сондай-ақ, университет проректоры Орынқыз Жол­дасова да ТарМУ-да 1130 ба­ланың тест тапсыратынын, оқу орны оған дайын екенін айтты. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев тестілеу күндері арнайы пункттерде медициналық қызметтің ке­зек­шілік жасайтынын, жедел жәрдем қызметінің де көмек көр­сететінін мәлімдеді. Об­лыста ҰБТ ұйымдастыруда бә­рі жолға қойылғанымен, ал­да­ғы уақыттағы нәтиже жайы мен түлектер тағдыры ойландырмай қоймайды. 

Директорлар дұрыс шешім қабылдаса игі

Кейде алтын белгіге неме­се үздік аттестатқа үміткер де­ген түлектердің өзінің тес­ті­­леуге келгенде көсіле алмай қа­­ла­ты­ны болады. Мұны сол сәт­тегі түлек толқынысымен қан­ша байланыстырсақ та, арғы те­гінде білім нәтижесінің толық­қан­ды қалыптаспағанын аңғару қи­ын болмас еді. Мәселен, би­ыл жамбылдық 237 оқушы «Ал­т­ын белгі» төсбелгісінен жә­не 139 оқушы үздік аттес­таттан үміткер екен. Бәрінің де өз білімін дәлелдеп, өзі таң­да­ған оқу орнына кедергісіз тү­сіп кетуіне тілектес болсақ та, бір мәселе төңірегінде де ой­ласа кетуді мақұл көрдік. Қай оқушы білім бәсекесіне қабі­летті, кім алтын белгіге, кім үздік аттестатқа лайық де­ген мәселе төңірегінде жыл сайын жергілікті бі­лім бас­қар­масы сараптама жүр­гі­зіп, нәтижесін Білім және ғы­лым министрлігіне жолдайтын еді. Енді биылдан бастап бұл мәселенің бәрі де мектеп қабырғасында-ақ шешіле бе­рет­­ін болыпты. Яғни, түлектің «тағ­дыры» өзі оқыған мектеп директорының қолында деген сөз. 
Айталық, өткен жылы 220 оқу­шы «Алтын белгіден» үміткер болып, ҰБТ кезінде оның 130-ы, яғни 59,1 пайызы өз білімін дәлелдеген болатын. Сол сияқты үздік аттестатқа 86 оқу­шы үміткер болып, оның ішін­де 30 оқушы, яғни 34,5 пайызы өз білімін дәлелдеген еді. Бұл тұрғыда енді биыл мектеп директорлары дұрыс шешім қабылдаса игі деген ой бар.

Бар ақша бөлінбей отыр

Балалар мен жас­өс­пі­рім­дердің жазғы демалысын, сау­ық­тырылуын және ең­бек­пен қамтылуын сапалы ұй­ым­­дас­тыру қажет. Аталған іс-ша­ра­ларға 1 мен 10-сынып­тар­­да оқитын 196 566 оқу­шы­ны то­лық қамту жоспарла­нып отыр­­ғанмен, түйткілді мә­се­ле­­лердің де бар екенін жасыруға болмайды. 

Тараз қалалық және ау­дан­дық білім бөлімдерінің мә­лі­мет­тері бойынша, бұл мақ­сатқа жер­гілікті бюджеттен 315 милли­он 208 мың тең­ге бөлінген. Тіп­ті, Байзақ, Жу­алы, Қордай, Т.Рысқұлов жә­не Сарысу аудан­да­ры қар­жы­ны өткен жыл­да­ғы­дан да артық бөлген. Бірақ Мер­кі, Мой­ынқұм, Шу ауданда­ры бұл көрсеткіште ақсап тұр. Ста­­тистикаға жүгінсек, көр­сет­­­кіштердің өткен жылмен са­лыс­тыр­ғанда, күрт тө­мен­де­ге­нін аң­ғарар едік. 

Т.Рысқұлов ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы, Меркі ауданындағы «Жұлдыз» жә­не Талас ауданындағы «Жұ­рын­дысай» сауықтыру ла­герь­лерінде қала сыртындағы жә­­не мектеп жанындағы ла­герь­лердің тамақтану бл­ок­та­рын жаңа заманауи құ­рыл­ғы­лар­­мен қамтамасыз ету туралы ай­­тылғанымен, де күні бүгінге дей­ін шешімін таппаған. 

Хамит ЕСАМАН,
«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы