«Ораза кезінде солардан 18 мешіт ауызашар ұйымдастырады. Аймағамбет Спанов атындағы облыстық мешіт бір кеште 700 адамға ауыз ашар жасайтын болады. Оразаның 29 күнінде де осындай қызмет көрсетіледі», деді облыстық мешіттің бас имамы, республикалық Мұсылмандар діни басқармасының облыстағы өкіл имамы Бақытбек Тәжібаев жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізген брифингте.
Облыс мешіттерінде ораза ұстағандар үшін тек кешкілік ауызашар ғана емес, күндіз де мәдени шаралар өткізілетін болады. Мысалы, облыстық жаңа мешітте 600 орындық кітапхана бар. Ондағы кітаптардың жартысы діни, жартысы зияттық кітаптардан тұрады. Оған ораза тұтқандар және басқа да ниет еткендер келіп, кітаптар, мерзімді басылымдарды оқуына, интернет пайдалануына болады. Имамдар журналистерге мешіттерде Қадыр түні, тарауих намаздары өткізілетіні, қарилардан құран сүрелерінің тыңдалатыны, ораза пітірі, қайырымдылық шаралары туралы ақпарат берді.
Нәзира Жәрімбетова,
«Егемен Қазақстан»