27 Тамыз, 2011

Кеше

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
...бастама 250 баланы қамтыды Атырауда ата-ана қамқор­лы­ғынсыз қалған балаларға, тұрмысы төмен, көп балалы от­басыларға көмек көрсету мақсатында өткізілген «Мектепке жол» акциясына бірнеше мекеме демеушілік та­ныт­ты. Олардың арасында «Ад­жип» ҚКО мектеп жасындағы 100 балаға сөмке, мектеп құ­рал­дарын табыстады. Қайы­рым­дылық шарасына «Ресей жинақ банкі» Атырау фи­ли­алы, «Банк ЦентрКредит» секілді ұжымдар да атсалысты. Ал «Атаба» ЖШС тек өңір орталығындағы ғана емес, со­ны­мен бірге, Жылыой, Индер аудандарындағы демеушілер кө­­мегін қажетсінетін отба­сы­лар­дың балаларына сый жасау­дан жыл сайын шет қал­май­ды. Кеше адамдардың бір-бі­рі­не қамқорлық, мейірімділік таныту секілді асыл қасиет­тер­ді бойға дарытатын игілікті шараның аясында 250 ба­лаға қамқорлық көрсетілді. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы. ...аймақтық жиын аяқталды № №6800, 6637, 3600 әске­ри бөлімдері мен Петропавл әскери институты рота коман­дир­лерінің тәрбие және әлеу­меттік-құқық жұмыстар жө­нін­­дегі орынбасарлары үш күн бойы өздерінің теория­лық-тәжірибелік білімі мен кәсіптік біліктілігін ортаға салды. Алғашқы күні лекциялар тыңдалып, тестілік сынақтан өтсе, келесі күні атыс алаң­да­рында практикалық шара­лар­ға қатысты. Оқу-әдістемелік жиынның соңғы күні ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының тәр­бие және әлеуметтік-құ­қықтық жұмыстар жөніндегі орынба­са­ры Әбусадық Ережеповпен кездесу өткізіп, дәрістік са­бақ­тар тыңдалды. «Діни сенім және экс­тре­мистік терроризм» тақыры­бы­на арналған «дөңгелек үстел­дің» де пайдасы мол болды. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы. ...акция аясындағы шаралар жалғасты 22 тамызда бастау алған «Отбасындағы зорлық-зомбы­лық­ты тоқтатамыз» атты ак­ция­ның мақсаты мемлекеттік орындар мен қоғамдық ұйым­дардың, жұртшылықтың наза­рын тұрмыстық зорлық-зом­бы­лық мәселесіне аударту және отбасылық қатынастар ара­сын­да тең құқылы мәде­ниеттілік тәрбиені қалыптастыру болып табылады. Оны ұйымдастырушы құ­қық қорғау органдарының өкіл­дері азаматтардың құқық­тық сауаттылығын жетілдіруге арналған түсіндірме, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу­де. Отбасылық өмірдегі, балалар тәрбиесіндегі келеңсіз жай­­лардың алдын алу шара­ла­рына баса көңіл бөлінген. Бұл іске, сонымен бірге, үкіметтік емес ұйымдар белсенділікпен атсалысып, үйішілік кикіл­жің­ге ұшыраушыларға тегін психологиялық және педа­го­гикалық қызмет көрсетуде. Аталған акция бүгін аяқ­та­лады. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.