Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов «Егемен Қазақстан» тілшісіне су тасқынын туындатқан жәйттер туралы айтып берді.
«Біріншіден, әлі ерімеген мұз судың ағуына мүмкіндік бермеді. Екіншіден, кіші өзендердегі гидрологиялық бекеттер санының жетіспеуі де тасқынды тудыруға әсер еткен. Үшіншіден, соңғы жиырма жыл ішінде кіші және шағын өзендердің арналарын тазарту мен кеңейту жұмыстары жүргізілмеген. Ал бау-бақша ұжымдарындағы су қорғау аймағының құрылысы заңсыз жасалған», – деп атап өтті қала әкімі.
Келесі кезекте Үкімет басшысының атына жолданған тасқынның орын алуының өзге де себептеріне келсек, мұнда да І.Испанов атаған бірқатар себеп-салдарлар көрсетілген. Ақтөбе қаласы мен оның маңайында толқындары тулаған ірі өзендер мен айдын шалқар көлдер болмағанымен, су қоймалары баршылық. Яғни оның орналасқан жері судан қорғану аумағына кіреді.
Сондықтан су қоры аумағы ретінде оның тұсы мен маңайы мұқият бекітілмесе, тосын, күтпеген, оқыс жағдай орын алуы әбден мүмкін. Тіпті солай болды да. Мұны тасқынның басты бір себебі десек ше? Қазіргі кезде су арналары мен аңғарларын тазарту жұмыстары өте өзекті. Әрі мұның өзі тасқын судан алдын-ала сақтану жолдарының бірі болып табылады. Алайда, бұл істер бұған дейінгі «жабайы тәсілмен» атқарылмаса ешқандай нәтиже бере алмасы хақ. Бұл тұйықтан шығатын бір-ақ жол – оны заманауи жабдықтармен жабдықтау. Ақтөбелік атқарушы органдар Үкімет басшысына жолдаған ұсыныстарында осы жәйтті қоса көрсеткен.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
АҚТӨБЕ
Биылғы көктемде Ақтөбеде болған су тасқыны кезінде 1500 адам көшірілді. 71 бау-бақша серіктестігі мен қала сыртындағы үш ауылды су басып қалды. Бұған қандай себеп болды? Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облыстық әкімдігі осы жәйттерді анықтап, тиісті ұсыныстарды Премьер-Министрдің атына жолдады.
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56
Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 11:36
Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қашан аяқталады
Заң • Бүгін, 11:14