Бұл наурыз айында қызметтен кетіп, қамауға алынған саясаткердің содан бері алғаш рет жұрт алдына шығуы.
Оған сыбайлас жемқорлық жасады, мемлекеттік қызметті жеке мақсатына пайдаланды, мемлекеттік құпияны ашты деген айыптар тағылып отыр. Пак Кын Хе өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты.
Мәліметтер бойынша, экс-президент сыбайласы Чой Сун Сил екеуі елдің бірнеше компаниясын, соның ішінде Самсунгті бопсалап, ақша талап еткен. Чой ханым да бұрынғы президентпен бірге сотталу үстінде.
Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлық үшін кесілетін ең жоғарғы жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру.
(Фото Reuters агенттігінен)