Жарылыс жергілікті уақыт бойынша дүйсенбі күні түнгі сағат 22.35-те америкалық әнші Ариана Гранденің концерті аяқталатын уақытта болды.
Манчестер полициясының хабарлауы бойынша, шабуылды ер адам жасаған. Ол өзімен алып жүрген жарылғыш затты іске қосып, өзі де оқиға орнына өлген. Полиция бұл оқиғаны теракт деп бағалайтынын мәлімдеді.
Жоғалып кеткен адамдарға туыстары әлеуметтік желі арқылы іздеу салып жатыр.
Мәліметтерге қарағанда, Ариана Гранденің концертіне қазақстандық 6 студент те барған. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Манчестердегі жарылыста зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.