Оған студенттер және колледж бен мектеп оқушылары қатысты. Аталған жоба Елбасының: Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру атты мақаласына өзек болған басты мәселелердің бірі – «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруды көздейді. Осы орайда жастарға патриоттық тәрбие беруге, төл тарихымызды түгендеуге және өлкетану ісіне кең тыныс берілмек. Сондай-ақ жоба тарихи тұлғалар мен мемлекетіміздің қалыптасуына сүбелі үлес қоса білген азаматтардың есімдерін асқақтатуды мұрат тұтады.
«Жоба аясында жыл бойы жалғасатын іс-шаралардың мазмұны кең, түрі саналуан. Соның ішінде өлкедегі мәдени және тарихи ескерткіштердің мән-жайын зерттеуге және өлкенің ерекше мүйістері мен қойнауларының сырын ашуға баса назар аударылып отыр», – деді облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ардақ Бекниязова.
Бұл ретте жобаға қатысушылар облыстағы мәдени-тарихи мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция мамандарымен тығыз байланыста болмақ. Жоба тұсауын «Әлия-Мәншүк –қос шынар» қайырымдылық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес кесті.
Темір Құсайын,
«Егемен Қазақстан»
АҚТӨБЕ
Ақтөбеде «Ескерткіштер – елдіктің белгісі» тақырыбымен рухани жаңғыру тұрғысындағы жаңа жоба қолға алынып, беташар рәсімі Әлия Молдағұлова мемориалдық кешені жанында салтанатты түрде өткзілді.
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:18
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент • Бүгін, 10:45
Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 09:23
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16