27 Тамыз, 2011

АҚШ Президентінің жеке жолдауы

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обаманың жеке жолдауы келіп түсті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Жолдауда атап өтілгендей, Қа­зақстан Тәуелсіздігін алған сәт­тен бастап ядролық қарусыз­дану және таратпау саласында әлемдік көшбасшылардың бірі болып саналады. Президент Обама 2012 жыл­ғы наурызда Сеулде (Оңтүстік Ко­рея) өтетін Ядролық қауіп­сіз­дік жөніндегі екінші саммиттің маңызын атап өткен.   Хатта Сеул саммиті аясында Вашингтон мен Астананың ядролық қауіп­сіздік саласындағы өзекті проб­лемаларды шешуге бірлесіп сал­мақты үлес қосатын, ядролық қару­дан азат әлем құру жолында алдағы қадамдарды анықтайтын мүмкіндіктері атап өтілген. Барак Обама Президент Нұр­сұл­тан Назарбаевпен Сеулдегі кездесу кезінде екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық аре­надағы қазақстандық-америкалық ынтымақтастық тақырыбы талқы­ла­натынына сенім білдірген.