Әдебиет • 24 Мамыр, 2017

Елдіктің жампоз жыршысы

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлына арналған туындының тұсауы кесілді. Көрнекті ақын Несіпбек Айтұлы – қазақ поэзия­сын­да өзіндік қолтаңбасы қалып­тас­қан жыршы. Оның жыр­ларының заманмен үн­дестігі, байырғы эпи­калық қазақ қара өлеңінің тас­қындай төгілетін рухты са­рыны, сезімнің қыл пер­несін тербейтін мөлдір ли­ри­касы, әсіресе, елдіктің ар­ман-мұратына айналған тәу­елсіздік жайлы кең ты­ныс­­ты дастандары дәуір үні іс­петтес.

Елдіктің жампоз жыршысы

Айтұлы ұлт поэзиясына  көл­денеңнен қосылған жүй­рік емес. Әуелден ер-тұр­­маны бүтін, көне­нің көр­кем қазынасын тал бо­й­ы­на сіңір­ген, жаңаның жа­сампаз үл­гі­сінен өне­ге ал­ған дарын. Кезінде ақын­­ның өлеңдерін ал­­ғаш оқыған Мұқағали Ма­­қа­таев: «Несіпбектің өлең­­дерінен жа­сан­ды­лық бай­қал­­­майды, жастық­­қа тән от бар. Ағынан жа­ры­лып, таусыла талаптану, із­де­ніс бар» десе, қазақ поэ­зия­сының ірі өкі­лі Фариза Оң­ғарсынова: «...Үш ұйықтасаң да тү­сі­ңе кір­мейтін небір асыл те­­ңеу­­лер, оқыс ой­лар, ат ба­­сын­дай ал­тын­ға бер­гі­сіз оқшау об­раз­дар, ең бас­ты­сы, осы­ның бәрі ұлт­тық поэ­зия­­ның жөр­­ге­гінде бө­ле­ніп, бе­сі­гін­де тер­бе­луі Не­сіп­бек­ті қалам­дас­­та­ры­нан даралай түседі», –
дег­ен екен.

Бұл жолғы тұсауы кесіл­ген ту­ын­дының ерекше­лігі – ақынның шы­ғар­ма­шылығы жайлы пікір жаз­ған, жырларына әдеби тұр­ғы­дан баға берген автор­лар­дың еңбегі түгелдей топ­т­астырылуында. Ғұ­­ла­ма ғалымдар Рах­манқұл Бердібаев, Се­рік Қира­баевты айт­па­ған­да, ақы­ның алдыңғы тол­қын ағалары Тұманбай Мол­да­­ғалиев, Мырзатай Жол­дас­бе­ков және өзімен бір­ге жүрген қа­­тарлас қа­лам­герлер – Жәркен Бө­­деш­ұлы, Жүрсін Ерман, Тұр­сын Жұртбай, Серік Тұр­ғын­бектің кеңге көсілген кемел ойлары рет-ретімен бе­рілген.

Туындының тағы бір ар­тық­шы­лығы – кітап­та жазылған соқ­­талы қа­­лам­гер­лердің сүбелі ой­­­­ла­ры ке­й­інгі әдебиет зе­р­т­­­­­теу­шілері үшін тап­­­тыр­­май­­тын құрал десек, ту­ын­ды­­ның «Бостандық жы­рының боз­жор­­ғасы» деп ата­луы ақынның бол­мыс-бітімін бойына сіңірген шығармашылық тағдыры тәріздес.

Тұсаукесер рәсімі ке­зін­де ағы­нан жарыла ой-пікір айту үшін сахнаға көтерілген қаламгерлер түгелдей туындыға жоғары баға берді. Солардың бірі «Егемен Қазақстан» рес­пуб­ликалық газеті» АҚ Бас­қарма төрағасы Дархан Қыдырәлі кітаптың ғы­лы­ми құн­ды­лығына те­рең­нен тоқтала оты­рып: «ақынның поэмалары тұ­тас дәу­ірдің эпикалық эн­ци­кло­­педия­сындай, әсіресе қа­зақтың қара өле­ңі мен шы­ғыс шайыр­ларының нәр­лі шумақтары қатар өрі­ліп, тұтасып тұрғандай үн­деседі», деді.  

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген

Ерлан ОМАРОВ,
«Егемен Қазақстан»