Әлем • 24 Мамыр, 2017

Британияда тағы да теракт болу қаупі өте жоғары – Тереза Мэй

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елде террорлық қауіптің ең жоғары деңгейі белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BBC-дің ресейлік қызметі.

Британияда тағы да теракт болу қаупі өте жоғары – Тереза Мэй

Террорлық қауіптің деңгейін Терроризмді талдау біріккен орталығы белгілейді. Оның құрамына полиция, барлау қызметі мен өзге де күштік құрылымдардың сарапшылары кіреді. 
«Орталықтың бағалауынша, жаңа терактілердің болу ықтималдығы жоғары ғана емес, келесі шабуыл қалайда жасалауы мүмкін», – деді премьер-министр. 
Оның айтуынша, елде Манчестердегі лаңкестікке қатысы бар бір топ адам болуы мүмкін. 
Премьер сондай-ақ көшелерді күзетуге елдің армиясы да тартылатынына уәде берді. Ұлыбританиядағы негізгі инфрақұрылымдық нысандар мен туристік аймақтар қосымша күзетіледі. 
Тереза Мэй адамдардың қатты үрейленуін қаламайтынын, алайда, террорлық қауіптің ең жоғары деңгейін белгілеу дұрыс шешім екенін жеткізді.