30 Тамыз, 2011

Еркін еңбек, бейбіт өмір сыйлаған

485 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Тәу­елсіздігіне – 20 жыл. Осы бір жас­өс­пірімнің жасындай шақтағы еліміз­дің жеткен жетістіктері, қа­зақстан­дықтардың бір үйдің бала­сындай, бір саусақтың саласын­дай, еркін ең­бек етіп, бейбіт өмір сүруі Ата За­ңы­мыздың баршаға тең құқық бергендігінен десек, артық айтқандық болмас еді. Конституциямыздың негізі сонау ықылым замандағы Есім хан­ның ескі жолынан бастау алып, Қасым хан­ның қасқа жолы мен Әз-Тәукенің Жеті жарғысымен жал­ғасады. Сол за­ман­да-ақ, ортақ заң­ға бас иіп, ау­ыз­дары дуалы, сөздері уәлі билердің шешімімен келіскен елдің болашағы бұ­лың­ғырланып барып, аяғынан тік тұ­рып кеткеніне кейбір көршілеріміз қызға­на да қызыға қарағанын білеміз. Қазақстан келмеске кеткен Ке­ңес өкіметінен өз алдына мемлекет бо­лып шыққанда, кезінде одақ­тас бол­ған ел­дердің күдікпен қарағаны әлі есімізде. Тек, түп тегіміз бір Түркия мемлекеті алғаш болып Қазақстан Рес­пуб­ликасы­ның Тәуелсіздігін мой­ын­дап, бау­ырластықтарын танытқан еді. Бірлігіміз бен тірлігімізге жан бітірген Конституция әрбір Қазақ­стан­ның азаматына тең құқық беретін ел­­дің басты құжаты болып табылады. Жүзі бөлек болса да жүрегі бір, тілі бөлек болса да тілегі бір 130-дан аса ұлыс өкілдерінің ба­сын біріктіріп отырған құжаттың маңыздылығы сол, ел тұрғын­да­рын шені мен шекпеніне, теңі мен тектілігіне қарай бөлмей, ортақ­ты­ғын көрсетіп келеді. Иығына погон тағынып, мем­ле­­кет­тің маңызды істерін мәнімен ат­қа­рып отырған кеденшілер өзде­ріне тиесілі міндеттерін жауапкершілікпен орындап қана қоймай, ел шек­арасында елдің Конститу­ция­сының бұзылмауына бақылау жа­сайтын ор­гандардың бірі. Өткен жылдан бері жұмысын бас­таған Кеден одағының шеткері шекара шебі саналатын Жамбыл об­лысының кедендік шекарасы қазіргі заман технологияларымен жабдық­та­лып, ел шекарасындағы қылмыс­тар­мен пәрменді күресте республика бойынша алда келеді. Кез келген заңдардың негізі ҚР Конституциясы болса, кеден заң­на­ма­ларын бұзушыларды анық­тап, бол­дырмау мақсатында Конт­ра­бан­да­ға қарсы күрес басқар­ма­сы мен кеден бекеттері тарапынан қаңтар-шіл­де айлары аралығында есірткі кон­тра­бандасының жолын кесу кезінде 25 қылмыстық іс қоз­ғалып, заңсыз айналымнан жалпы салмағы 138 кило­грамнан аса ес­ірткі заты тәркіленді. Биылғы жылдың респуб­ли­ка­да­ғы ең көлемді партиясын Жам­был облысының шекарашылары мен кеденшілері анықтап, 30 кг-нан аса героин Ресей жеріне аспақ болған жерінде құрықталды. Шекара бойында кептелектер­дің орын алуына себепші тауар «алып өтушілерді» әкімшілік іске тарту шаралары жіті қолға алы­нып, кеден бекеттеріндегі кепте­лек­тердің біршама төмендегенін айтуға болады. Жалпы, өткен 7 айдың көле­мін­де Кеден бекеттерінде 1098 қыл­мыстық іс қозғалып, 19 млн. теңге өндірілді. Тәркіленген тау­ар­лардың жалпы құ­ны 1,8 млн.-нан асты. Мемлекетке келтірілген залал сомасы – 2,3 млн. теңге. Облысымыздың кеденшілері Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақ­стан халқына Жолдау­ын­да­ғы тап­сырмаларын бұлжытпай ор­ындау мақ­­сатында және ел қа­зы­насына кедендік төлемдер мен салықтарды өн­діруде 7 ай ішінде 5 млрд. теңгеден астам қаржыны бюджет қорына құйды. Мейірхан САТЫБАЛДИН, Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы,  кеден қызметінің полковнигі.