Жапонияның жаңа премьер-министрі елдің қаржы министрі Йосохико Нода болады. Кеше ол Жапонияның билеуші Демократиялық партиясының жаңа төрағасы болып сайланды. Дауыс берудің екінші кезеңінде Й.Нода парламент мүшелерінің 215 дауысына ие болды.
Ал Й.Ноданың негізгі қарсыласы, Жапонияның өндіріс істері жөніндегі министрі Банри Каиедуді билеуші партияның парламенттегі 107 депутаты қолдады. Бұл үдеріс елдің премьер-министрі болған Наото Кан 26 тамызда отставкаға кеткеннен кейін жүзеге асырылды. Ал Йосохико Нода үкімет басшысы лауазымына бүгін бекітілуі тиіс. Жалпы, ол Жапонияның соңғы бес жылдағы алтыншы үкімет басшысы болмақ.
КЕЛІССӨЗ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСЫН ҚАБЫЛДАМАДЫ
Ливиядағы көтерілісшілер Муаммар Каддафидің билікті өткізуге байланысты келіссөз жүргізу ұсынысынан бас тартқан. М.Каддафидің дәл қазір қай жерде жасырынып жүргені де белгісіз. Іздестіру операциялары әзірге еш нәтиже бермей отыр.
Осы аралықта Ливия көтерілісшілері әскери командованиесінің өкілі Ахмед Бани соңғы күндері Ливия түрмелерінен 10 мыңнан астам адам босатылғанын хабарлады. Оның айтуынша, бұрынғы билік тұтқындаған 50 мыңдай адам іс жүзінде із-түзсіз жоғалып кеткен. Көтерілісшілердің пікірлерінше, олардың көпшілігі бүгінде тірі болмаулары да мүмкін. Тұтастай алғанда, Ливиядағы соғыс аяқталған жоқ.
ЕЛДІҢ СОЛТҮСТІК-БАТЫСЫНА РЕЙД ЖҮРГІЗДІ
Сирия президенті Башар Асадқа сенімді жасақ бұрнағы күні елдің солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында қарулы рейд жүргізді. Әскерилер мен қауіпсіздік қызметі іс-әрекетінің салдарынан кем дегенде екі адам қаза тауып, тоғызы жарақаттанған.
Құқық қорғаушылардың сөздеріне қарағанда, Идлиб қаласында жергілікті тұрғындарға 10 танкіден және автоматты қарулардан оқ жаудырылған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны өсуі мүмкін делініп отыр. Кеше Дамаскіге Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары ұшып келді. Сапар мақсаты туралы нақты мәлімет жоқ.
ЗАҢДЫЛЫҒЫН МОЙЫНДАУДАН БАС ТАРТТЫ
26 тамызда Абхазияда президенттік сайлау өтіп, онда Александр Анкваб 54,9 пайыз дауыспен жеңіске жетті деп жарияланған еді. Ресей 2008 жылдың тамызындағы Грузиямен қарулы қақтығыс нәтижесінде жарияланған Абхазияның және Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін таныған болатын.
Еуропалық Одақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы комиссары Кетрин Эштон мен НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Абхазиядағы президенттік сайлаудың заңдылығы мойындалмайтындығын мәлімдеді. Олардың пікірлерінше, аталған ұйымдар халықаралық құқық нормалары талап ететініндей, Грузияның аумақтық тұтастығын қолдайды.
ПРЕЗИДЕНТТІКТЕН ЖОЛЫ БОЛМАҒАН АҚТАЛДЫ
Қырғызстанда бизнесмен, президенттіктен бұрынғы үміткер Урмат Барыктабасов түрмеден босатылды. Ол өзінің жақтастарымен 2010 жылы Бішкекке қару жеткізбек болғаны үшін 4 жылға сотталған еді. Енді ол саясатпен мүлдем айналыспайтынын мәлімдеп отыр.
Урмат Барыктабасов бұрындары Қырғызстанға жанар-жағар май жеткізумен айналысқан. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының деректерінше, 1991 жылдың өзінде-ақ ол долларлы миллионер болған екен. 2005 жылғы «қызғалдақ төңкерісі» алдында оппозициялық партия құрып, президенттікке түспек ниет танытқан. У.Барыктабасовтың адвокаты енді оны толық ақтауға күш салмақ.
3,7 МЫҢ ТҰТҚЫНҒА КЕШІРІМ ЖАСАЛДЫ
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов «Қадір түніне» орай бірқатар сотталғандарға кешірім жасау туралы жарлық шығарды. Республикада «Қадір түнінің» құрметіне мұндай ақтау шаралары жыл сайын жүзеге асырылады.
Бұған елдің бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязов даңғыл жол салып кеткен болатын. Бұл жолы қамау орындарынан шамамен 3,7 мың адам босатылды. Өткен жылы аталған шара аясында ақталғандар саны шамамен 4 мың адамды құраған еді. Президент жергілікті билік органдарына бұрынғы сотталғандарды жұмысқа орналастыру жағынан көмектесуді тапсырды.
ҚЫСҚА ҚАЙЫРЫП АЙТҚАНДА:
Ирактың астанасы Бағдад қаласындағы сүнниттердің Умм әл-Кура мешітінде жарылыс жасалды. Лаңкестік салдарынан 28 адам опат болса, 37-сі жараланған. Бомбаны жанкешті іске қосқан.
Өзбекстанда 1 қыркүйекте атап өтілетін тәуелсіздік күні мерекесіне орай барлық аңшылардан қарулары уақытша тартып алынды. Бұл шара қауіпсіздік мақсатында жасалып отырса керек. Елде аңшылық маусымы 15 тамызда ашылған болатын.
АҚШ-та «Ирэн» дауылынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. Елдің Атлант мұхиты жағалауларындағы 9 штатында төтенше жағдай жарияланып, барлық әуежайлар мен теңіз порттары жабылды. 1,5 млн.-ға жуық адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Кеше «Ирэн» әлсірегендей қалып танытты.
26 тамызда Алжирдің Шершель қаласында лаңкестік жасалып, жарылыс салдарынан 18 адам көз жұмған еді. Лаңкестікке жауапкершілікті кеше «Әл-Каиданың» Солтүстік Африкадағы бөлімшесі мойнына алды.
Ресейдің Тверь облыстық сотында «Невский экспресс» пойызы жарылуына қатысты алдын ала тыңдау басталды. Іс жабық режімде қаралуда. Лаңкестікке байланысты Ингушетияның он тумасы айыпталып отыр. 2009 жылдың 27 қарашасында болған лаңкестік салдарынан 27 адам өліп, 130-ы жараланған болатын.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 13:08
Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады
Қоғам • Бүгін, 12:52
Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды
Ата заң • Бүгін, 12:40
Токио конвенциясы: Қазақстан жоғары білім саласындағы өңірлік әріптестікті күшейтті
Ғылым • Бүгін, 12:32
Елімізде бал экспорты 2,5 есе артты: Шетелге 1477 тонна өнім жөнелтілді
Экономика • Бүгін, 12:27
Атырау облысында бес жылда 331 мың көшет егілген
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 12:08
«Буде-Глимт» және «Интер» ойынын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 11:55
Бірқатар мемлекеттік мекемеде штат саны қысқарады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады
Қоғам • Бүгін, 11:34
Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?
Қоғам • Бүгін, 11:11
Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?
Дін • Бүгін, 11:08
Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды
Қоғам • Бүгін, 10:51