30 Тамыз, 2011

ЕҰУ көш бастады

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еңселі елордамыздағы іргелі оқу орны Л.Н.Гумилев атын­да­ғы Еуразия ұлттық университеті десек, бұл білім ордасында оқы­сақ деген талапкерлер саны биыл 3075-ке жетіпті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2116 талапкерді құра­ған еді. Олардың арасын­да «Ал­тын белгі» иегерлері мен халық­аралық және рес­публика­лық олим­п­иадалардың, ғылыми жо­ба жа­рыс­тарының жеңімпаз­да­ры аз емес екен. Отанымыз бойынша 3 мың­нан сәл асатын «Алтын белгіні» омы­рауына таққан мыңдаған жүй­­рік­тер­дің 906-сының осы уни­вер­си­тетті таңдауы, оқу орны­ның беделі биік екенін көрсетсе керек. Грант иегерлерінің оқу орын­дарын таңдауы бойынша мәлімет­терге көз жүгіртер болсақ, екінші орынға 2925 студент таңдауы­мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті, үшінші ор­ынға 2344 талапкермен Қ.Сәт­баев ат­ын­дағы ұлттық техни­ка­лық университет, төртінші орынға 2342 грант иегері таңдаған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақ­стан мем­лекеттік университеті қол жет­кізіп отыр. Сүлеймен МӘМЕТ.