Денің сау, тұла бойың сергек жүруі үшін спорттың пайдасы зор. Мен өзім бала жасымнан спортты сүйіп өстім. Бесінші сыныптан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барып, волейболмен айналыстым. Талай жарыстарға да қатыстым. Мықты спортшы болу үшін талмай тер төгу керек екенін жастайымнан ұғындым. Сондықтан кәсіпкер ретінде спортқа қамқорлық жасап, дәстүр ретінде халықтың саламатты өмір салтын ұстанғанын қалаймын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Дин Интер» ЖШС-нің құрылтайшысы ретінде олимпиялық резерві спорт кешенін салып бергенімді айтқым келеді. Оның жобалық құны 200 миллион теңгеге түсті. Жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метр спорт кешенінде волейбол, футбол, баскетбол, үлкен және үстел теннистері, күрес, каратэ және басқа спорт түрлерімен шұғылдануға болады. Келушілер бассейнге түсіп, суға жүзумен айналысады. Әр түрлі тренажерлар орнатылған залдарда кім қандай спортпен айналысамын десе де жақсы жағдай бар. Спорт кешенін ашу арқылы 20 адам жұмыспен қамтылды. Қазір спорт кешеніне күніне 200-ден астам адам келіп, жаттығады, денесін шынықтырады. Мұнда кіру ақысы да басқа спорт залдарға қарағанда анағұрлым төмен. Бұл – осы шағын аудан тұрғындарына қызмет көрсететін осы заманғы жабдықталған бірден-бір спорт кешені. Сондықтан тұрғындарға ыңғайлы әрі бағасы қолжетімді.
Биыл облыста тұңғыш рет жағажай волейболы алаңын пайдалануға бердім. Жағажай волейболы алаңын қоршап, құм төсеп, еуростандартқа сай жабдықтадым. Алаң құрылысы 1,5 айда аяқталды. Алаң пайдалануға берілген азғана уақытта жағажай волейболынан екі жарыс ұйымдастыруға мұрындық болдық. Жарыстарды жарнамалауға ғана 200 мың теңге бөлдік. Соның нәтижесінде ақтөбеліктер үшін жаңа спорт түрі жағажай волейболынан алғашқы қалалық турнирге 15 команда қатысса, облыстық жарыста 30 команда сынға түсті. Бұл жарысқа алыстағы Байғанин, Хромтау аудандарынан да волейболшылар қатысып, күштерін сынады. Шынын айтқанда, биыл тұңғыш рет өткізіліп отырғанына қарамастан осыншама команда қатысуы жағажай волейболының болашақта тым тәуір дамып кететініне сендіреді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар ұсынылды. Бұл біздің өңірде жағажай волейболынан тұңғыш өткізілген жарыс. Бұл турнирді алда дәстүрлі түрде ұйымдастырмақ ойымыз бар. Біздің облыста волейбол спорты кенже қалып келеді. Жағажай волейболын дамыту арқылы спорттың осы түріне деген жастардың қызығушылығын тудырмақпыз.
Спортшыларға демеушілік жасау да қажетті іс. Бизнес тарапынан болатын осындай бастамалар бұқаралық спортты дамытуға серпін береді деп ойлаймын.
Ғалымжан ЕЛЕУОВ, «Дин Интер» ЖШС-нің құрылтайшысы, оташы дәрігер.
Ақтөбе облысы.

Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 13:08
Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады
Қоғам • Бүгін, 12:52
Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды
Ата заң • Бүгін, 12:40
Токио конвенциясы: Қазақстан жоғары білім саласындағы өңірлік әріптестікті күшейтті
Ғылым • Бүгін, 12:32
Елімізде бал экспорты 2,5 есе артты: Шетелге 1477 тонна өнім жөнелтілді
Экономика • Бүгін, 12:27
Атырау облысында бес жылда 331 мың көшет егілген
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 12:08
«Буде-Глимт» және «Интер» ойынын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 11:55
Бірқатар мемлекеттік мекемеде штат саны қысқарады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады
Қоғам • Бүгін, 11:34
Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды
Аймақтар • Бүгін, 11:25
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?
Қоғам • Бүгін, 11:11
Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?
Дін • Бүгін, 11:08
Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды
Қоғам • Бүгін, 10:51