30 Тамыз, 2011

Фильм премьерасын тамашалады

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
27 тамызда Мемлекет бас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаев «Ке­руен» сауда-ойын-сауық ор­талығында болып, «А»-ға оралу» атты жаңа қазақстандық көркем фильмнің премьерасын тамашалады, деп хабарлады Қа­зақстан Республикасы Пре­зи­дентінің баспасөз қызметі. Авторлары Владимир Моисеенко, Александр Новотоцкий-Власов болып табылатын, Ғазиз Насыров пен Дидар Амантайдың қатысуы­мен жазылған сценарийге Ауған­стан соғысына қатысқан Қара майор жайлы аңыздың тарихы арқау болған. Фильмнің режиссері –  Егор Кончаловский. Басты рөлдерде Сейдолла Молдаханов, Берік Айтжанов, Денис Никифоров, Кар­лы­ғаш Мұхамеджанова, Иван Жидков, Андрей Шибаршин, Аша Матай, Арман Әсенов, Фархат Әбді­райымов, Гоша Куценко, Гүлнар Дос­матова, Наталья Орынбасарова, Сергей Векслер, Жанель Мақа­жа­нова, Григорий Антипенко ойнайды. Фильмнің алғашқы көрсетілімі­нен кейін Мемлекет басшысы тү­сіру тобымен фильм туралы өз пікірін бөлісті. – Бұл ауған соғысы бізге, қа­зақ­стандықтарға қажеті жоқ еді. Бірақ солай болды. Жастардың біразы қазаға ұшырады, көбі мүгедек болып қалды. Оларды ұмытпай, тарихты есте сақтау үшін, жастарға өнеге ету үшін өте қажет фильм, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.