30 Тамыз, 2011

Тұрақтылық орнауы аса маңызды

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ливиядағы жағдай бой­ынша мәлімдеме жариялады. Онда былай делінеді: Қазақстан Ливиядағы соңғы оқиғаларға байланысты ең жақын уақытта жанжалдың тоқтауын, азаматтардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мен тұрақтылық орнауын аса маңызды деп біледі. Қазақстан Ливия үшін мұндай драмалық кезеңде ливия халқының таңдауы мен саяси еркін құрметтей отырып, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығының сақталуын, ұлттық және халықаралық заңнама норма­ларының қатаң сақталуын жақтайды. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сырт­қы істер министрлері кеңесінің Төр­ағасы ретінде Қазақстан Ливиядағы жағдайдың ең жақын уақытта реттелуі мен гуманитарлық дағдарыстың еңсерілуіне қолұшын беру мақсатында Ұйымның барлық ресурстарын жинақтау үшін ықпалдасуға дайын. Осыған байланысты Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттерді бауырлас мемлекетке ниеттестік білдіруге және 2011 жылғы 30 маусымдағы Ұйым­ның Сыртқы істер министрлері кеңе­сінің 38-ші сессиясында қабылданған «Ливияға гуманитарлық көмек» туралы №2/38-ICHAD қарарын орындау үшін тиісті шаралар қолдануға шақырады.