12 Желтоқсан, 2016

Мұнай бағасы бір жарым жылдық рекордқа жетті

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мен картельге кірмейтін мемлекеттер арасында мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімге қол жеткізілгеннен кейін, Brent маркалы мұнайының фьючерстер құны Лондон ICE 0ор нарығында 2015 жылдың 21 шілдесінен бері алғаш рет 57 доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сенбі, 10 желтоқсан күні Венада ОПЕК-ке мүше емес елдер министрлерінің картельге енбейтін мемлекеттер өкілдерімен кездесуі аяқталды. Отырыс алты сағатқа жалғасып, нәтижесінде мұнай өндірісін шектеу туралы келісімге қол қойылды. Келісімге ОПЕК-ке кірмейтін 11 мемлекет қосылды. Олар алғашқы жартыжылдықта мұнай өндірісін тәулігіне 562 мың баррельге дейін азайтатын болады. Айта кетейік, 30 қараша күні ОПЕК құрамындағы мемлекеттер мұнай өндірісін қысқарту туралы келіскен болатын: 2017 жылдың қаңтар айынан бастап ол тәулігіне 1,2 миллион баррельге дейін қысқарады. Сол күні Новак Ресейдің отын өндірісін тәулігіне 300 мың баррельге дейін азайтуға дайын екенін хабарлады.