12 Желтоқсан, 2016

Сауд Арабиясы мен Ирак мұнай өндірісін көбейтті

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биылғы жылдың қараша айында Сауд Арабиясындағы мұнай өндіру көлемі рекордтық көлемге жетті, деп хабарлайды BBC. Нақтырақ айтар болсақ, қараша айында Сауд Арабиясындағы өндірілген мұнай көлемі тәулігіне 10,72 млн баррельге жеткен. Корольдікте қара алтын өндіру осымен екінші рет ең үлкен көрсеткішті көрсетіп отыр. Шілде айына бір тәулікте өндірілген мұнай мөлшері 10,67 млн баррельге жеткен. ОПЕК ұйымының тағы бір дереккөзінің мәліметтері бойынша, мұнай өндіру Иракта да арта түсіп, күн сайын олар 4,8 млн баррель көміртегі өндіріп отырған көрінеді (салыстырмалы түрде алғанда қазан айында бұл ел тәулігіне 4,7 млн баррель мұнай өндірді). Сауд Арабиясы ОПЕК ұйымына мүше ең ірі мұнай өндіруші ел ретінде өндіріс көлемін тәулігіне 10,05 млн баррельге жеткізетіні жөніне ұйымға мүше өзге елдердің алдында уәде берген. Бұндай уағдаластыққа 30 қарашы күні жасалған келісім бойынша қол жеткізілді. Дегенмен, аталған келісім келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетіндіктен, әзірге бұл мемлекеттер барынша көбірек өндіруге күш салып жатыр. Өткен сенбіде мұнай экспорттаушы мемлекеттердің ұйымына кірмейтін елдердің өкілдері бас қосып, мұнай бағасын тұрақтандыру мақсатында өндіріс көлемін қысқарту жөнінде келісімге келген болатын.