12 Желтоқсан, 2016

Токиода жаңа Олимпиада стадионы салынып жатыр

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония астанасы Токиода 2020 жылы жазғы Олимпиада ойындары өткізілетін стадионының құрылысы басталды, деп хабарлайды BBC.

Құрылыстың ресми іргетасының қалану салтанатына елдің үкімет басшысы Синдзо Абэ, Токио префектурасының губернаторы Юрико Коикэ, 2020 жылғы Олимпиадаға жауапты министр Тамае Марукава мен құрылыс архитекторы Кэнго Кума қатысты.

Жаңа стадион 1964 жылы ұйымдастырылған Олимпиаданың ескі стадионының орнына салынады. Бастапқыда бұл жобаға үкімет өте қымбат болғандықтан рұқсат бермеген еді. Билік әлі де болса құрылыстың қымбаттығына алаңдаулы. Құрылыстың жалпы құны 1,5 млрд долларды құрайды. Естеріңізге сала кетейік, ХХII жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өткізіледі.