12 Желтоқсан, 2016

Өңірлерде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй қоры құрылады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өңірлерде кезекте тұрған адамдар арендалық тұрғын үйлерді сатып алу құқығынсыз ала алады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 15 жылдың ішінде Өңірлерде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй қорын құру үшін 2017 жылдан бастап республика бойынша жыл сайын 25 млрд. теңге бөлу жоспарланған. Жалға берілетін тұрғын үйлер ЖАО кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған. Олар 1-топтағы мүгедектер, жетім балалар және тағы басқа. Бағдарлама жүзеге асырылатын 15 жыл ішінде Арендалық тұрғын үй қоры 45 мың пәтер немесе 2,2 млн шаршы метр баспананы құрайды. Еске сала кетсек, «Нұрлы жер» бағдарламасының негізгі мақсаты жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесі арқылы көппәтерлі баспаналарды одан әрі салу, ипотекалық несиелендіруді дамыту және жеке құрылыс салушыларды ынталандыру болып табылады. Арнұр АСҚАР, "Егемен Қазақстан".