30 Тамыз, 2011

Әділдік арқауы

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Конституциямыздың қабылданғанына, міне, 16 жыл толып отыр, осы өткен кезеңде Ата Заңымыз халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз мемлекет болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, туын берік қадаған, тұғыры биік, іргесі мықты Қазақстан атты мемлекет бар екенін бүкіл әлемге танытқан, мойындатқан бірегей заңды құжат болып табылады. Мемлекеттік биліктің дербес бір тармағы – сот билігінің қалыптасуына жол салған түбегейлі өзгерістер Ата Заңнан бастауын алып, қазіргі кезде нақты жүзеге асуда. Сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өз қызметтерінде республикада сот билігінің мемлекеттік билік тармағы ретінде басқа заң шығарушы және атқарушы билік тармақ­тарымен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелері арқылы өзара қимыл жасайтынын Ата Заңымыздың 4-бабынан анық байқауға болады. Аталмыш бап бойынша қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заң­дар­дың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттарымен рес­пуб­ликаның басқа да міндеттемелерінің, сон­дай-ақ, республика Конституциялық Кеңе­сінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қау­лы­ларының нормалары болып табылады. Сот жүйесі нормативті қаулыларды қа­был­дау арқылы заңдарды жүзеге асыру процесіне белсенділікпен араласып, заңдарды қолданудың дұрыстығын қамтамасыз етуге және сот тәжірибесін біркелкі қалыптас­тыруға белгілі дәрежеде өз үлесін қосуда. Ыбырай МӘТІБАЕВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы.