30 Тамыз, 2011

Конституция және қауіпсіздік

356 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік және Конституция сөздері әрбір қазақстандық үшін қасиетті ұғымдарға ба­ланып отыр. Бұл жөнінде Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев: «Жа­сампаздықтың жаңыл­мас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істері­міздің қайнар бастауына ай­налды. Қас­терлі құндылы­ғы­мыздың қағи­даттарын бұл­жытпай орындаудың нәтиже­сінде біз қысқа мерзімде мыз­ғымас мемлекеттігімізді орна­тып, тәуелсіздігімізді тұғырлы етік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұ­тастығымыздың кепілі ретінде біз­дің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды», деп атап өтуінде терең мән-мағына жатыр. «Мемлекеттік биліктің бір­ден-бір бастауы – халық» (3-бап) болып табылатындығы ешқандай талас ту­дыр­майтын ақиқат. Елімізде өткізіліп жатқан әділ де еркін сайлаулар мен референдумдар осының бірден-бір кепілі. Бұл орайда жақында ғана болып өткен Парламент Сенатының сай­ла­уын­да да осы тұжырымның өмір­шең­дігіне көз жетті. Олай болса халықты ұлықтау, олардың мақ­сат-мүддесімен санасу Негізгі За­ңымыздың өзегі болып табылады. Ата Заңда мемлекеттің ұлт­тық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәсе­ле­лері де кеңінен тұжы­рымдалған. Бұл орайда ұлттық қауіп­сіздігімізді қамтамасыз ету­дің кешенді жүйесіне кіретін ҰҚК атқаратын міндеттері мен жауапкершілігінің арта түсе­тіндігі анық. Ата-бабамыз аңсап өт­кен тәуелсіздіктің негізгі қағи­далары: «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қам­тиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғыл­мауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» деген (2-бап) сөйлемдер кез келген азаматтың, мемлекеттік қыз­меткердің патриоттық сезімін оя­татындығы сөзсіз. Сонау Алатаудан Арқаға дейінгі, Алтайдан Атырауға дейінгі қазақ даласын қорғау, он төрт мың шақы­рымнан астам мемлекеттік шекара шебін мығымдау, болашақ ұрпаққа аманаттау ісі осыдан анық көрінеді. Бұл маңызды міндетті бүгінгі ұрпақ абыроймен жүзеге асыруда. Ал осының құрамдас бөлі­гі ретінде жыл сайын елордадағы тәуелсіздік монументі түбінде әскери па­радтың өткізілуі – ұлттық рухымыздың асқақтай түскен­дігінің белгісі. Қай кезде, қай ғасырда қа­зақ халқы әлемге паш етіп, осындай мәртебелі шеру өткізіп еді?! Бұл дегеніміз – ел Прези­дентінің Қазақ­стан халқына Жолдауындағы ұзақ мерзімді мақсаттар мен оларды іске асыру стратегияларындағы №1 басымдық ретінде аталған ұлттық қауіпсіздік идеясының нығая түскендігінің, алдағы кезде де дами беретіндігінің айқын дәлелі. Мұхтар АНАРБЕК,  ҰҚК баспасөз қызметі бастығының орынбасары.