30 Тамыз, 2011

Елбасы қабылдады

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асхат Дауылбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Бас прокурор Президентті еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, оның тап­сыр­ма­ларының орындалу барысы, сондай-ақ құқық қор­ғау қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері бой­ын­ша қолданыстағы заңнамаларға түбегейлі өзге­ріс­тер енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, А. Дауылбаев Қазақстанда үстіміздегі жылдың күз мезгілінде алғаш рет өтетін Прокурорлардың халықаралық қауым­дастығының 6-шы өңірлік конференциясына  әзірлік туралы баяндады. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қам­тамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ азаматтардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғауды күшейтуді тапсырды. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер минис­трі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Прези­денті­нің баспасөз қызметі. Министр Президентті полицияны реформалау және ішкі істер органдары туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы хабардар етті.