31 Тамыз, 2011

Қазақ қаламгерлерінің аудармашысы

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Насыр Фазылов Өзбекстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өзбекстанның аса көрнекті қаламгері, Қазақстан Республикасы Пре­­зидентінің «Бейбітшілік және рухани келісім» сыйлығының, халық­ара­лық «Алаш» сыйлығының лауреаты Насыр Юлдашұлы Фазылов хал­қымыздың және әдебиетіміздің үлкен досы және белсенді насихатшысы. Өзге еңбектерін айтпағанның өзінде, оның «Таптым бірақ жо­ғалт­падым» атты кітабы қазақ әдебиетінің М.Әуезов, С.Мұ­қа­нов, Ғ.Мүсі­ре­пов бастаған классиктері жайлы жазылған аса құнды еңбек. Дәл осы еңбегі үшін Президент Ислам Каримовтың Жар­лы­ғымен Насыр Фа­зы­ловқа Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Туысқан өзбек-қазақ халықтарының ортақ мақтанышы, екі ел мәдени, әдеби байланыстарының алтын көпірі, халықтар досты­ғы­ның жыршысы Насыр Фазыловты аса мәртебелі сыйлығымен құттықтаймыз. Сәбит ДОСАНОВ, жазушы.