15 Желтоқсан, 2016

6 жылда 10 млн адам дәрілік заттармен қамтылды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Соңғы 6 жылда Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттармен амбулаторлық деңгейде 9 млн 581 мың адам (2016 жылғы 14 желтоқсандағы мәліметтер бойынша), стационарлық деңгейде 10 млн 901 адам (2016 жылғы 1 қарашадағы мәліметтер бойынша) қамтамасыз етілді, деп жазады 24 Хабар. Аталған мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 820,3 млрд теңге бөлінген болатын. Айта кету керек, азаматтарды ТМККК аясында амбулаторлық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз ету жыл сайып ұлғайып келеді: 2011 жылғы 776 мың адамнан 2016 жылы 2 млн 47 мыңға өссе, қаржыландыру көлемі – 43,3 млрд теңгеден 88,6 млрд теңгеге артты.