15 Желтоқсан, 2016

Абай музейінде ардагерлер мерекелік медальмен марапатталды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала елінің ұлық мерекесі!» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мерекелік шарада Абай музейінің директоры Б.Жүнісбеков «Тәуелсіздік шежіресі – ерлік пен елдіктің шежіресі» тақырыбында баяндама жасап, өз сөзінде: «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күн Қазақстан тарихында мәңгі өшпес алтын әріптермен жазылды. Артына өшпес із қалдырған, халқымыздың болашағын арман еткен ата-бабаларымыздың Ұлы Абайдың мақсат-мұратына біз бүгін қол жеткіздік. Бүгінгі күнде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясаты мен еліміздің стратегиялық даму жоспарының нәтижесінде өркениет көшіне Қазақстан деген мемлекет қосылды. Тәуелсіз елімізде ұлтаралық достық пен бейбітшілік нығайып, өркениетті мемлекеттердің қатарынан орын алды», - деп айрықша атап өтті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар, шара барысында қаланың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен музей қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі тапсырылды.